No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте жаңа кәсіпорын ашылды

Шымкентте Орталық Азияда теңдесі жоқ алюминий банкаларын шығаратын ірі кәсіпорын ашылды.

26.10.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жүзден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтитын зауыт Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Республика күні қарсаңында іске қосылды.

Ашылу салтанатына арнайы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, кәсіпорынның алдағы жоспарларымен танысты.

Жалпы алюминий экологияға зиянсыз. Ал пайдасы – құтыны бір емес, бірнеше рет өңдеп, өндірістен қайта шығаруға және оны пайдалануға болады.

«QAZALPACK» компаниясы – жоғары стандартқа сай жасалған ең озық үлгідегі заманауи өндіріс. Алдағы уақытты Шымкенттегі сусын түрлерін өндіруші саланың қарқынды дамуына септігін тигізеді деген сенім бар дейді жауаптылары. «Оңтүстік» индустриялық аймақта орналасқан бірегей жобаның аумағы 20 000 шаршы метр. Қуаттылығы жылына 600 млн альюминий банка шығаруға жетеді. Өнімдерімен Қазақстан нарығын қамтып қана қоймай,  экспортқа  шығаруға қауқары бар.

Министр аталған жобаның маңыздылығына тоқталып, мегаполис экономикасын өркендетуде осындай өндіріс орындарының үлесі басым болуы қажеттігін айтып өтті.

Ал қала басшысы Мұрат Әйтенов Шымкентте мемлекеттік  қолдаудың арқасында жыл санап жаңа өндіріс орындары артып келе жатқанын айтты.

«Бүгін Орталық Азиядағы алюминий банкалар шығаратын алғашқы зауыттың құрылысы аяқталды. Өз кезегінде жаңа тың жобаны іске асырған компания ұжымын құттықтаймын! Біз еліміздегі үшінші мегаполистің экономикасына ауқымды инвестиция тартумен қатар, жоғары стандарттарға сай келетін өндірісті дамытып, импорттық үлесті азайту бағытында жұмыс істейтін боламыз», – деді ол.

Алдағы уақытта жоба аясында  газдалған және газдалмаған, төмен алкогольді және алкогольсіз сусындарды құюға арналған әртүрлі көлемдегі, оңай ашылатын қақпағы бар алюминий банкаларын шығару жоспарланған.

Дреккөз. informburo.kz 

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жұмыртқа бағасын қолдан көтерген Қостанайдағы құс фабрикасына қатысты тергеу басталды

09.12.2022

Ресейлік кәсіпкер Украинаны қалпына келтіруге миллиард доллар ұсынды

12.09.2022

Е-tutynushy.kz — тұтынушы құқығын қорғауға көмектеседі

14.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа