No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде қазақ-грек қатысуымен 50-ге жуық компания жұмыс істейді

Астанада Қазақстан Республикасы мен Грек Республикасы арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның бесінші отырысы өтті. Кездесуде Қазақстан тарапынан Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, грек тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Константинос Фрагояннис тең төрағалық етті, деп хабарлайды  kazbusiness.kz Деловой Қазақстанға сілтеме жасап.

22.10.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Отырыс барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағытындағы ауқымды мәселелерді талқылады. Бұл ретте отырысқа қатысушылар екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудағы оң серпінді атап өтті және өзара қарым-қатынастарды одан әрі үдемелі дамыту ниетін растады.

Комиссия аясында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы, сондай-ақ сауда, экономика, инвестициялар, энергетика, логистика, азаматтық авиация, ауыл шаруашылығы және т. б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

«Елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтаймын. Осы жылдар ішінде сындарлы диалог құрылып, көптеген бірлескен жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, сауда, инвестициялар және туризм саласында өзара тиімді ынтымақтастық жолға қойылды. Мұның жарқын дәлелдерінің бірі ретінде атап өтейін, бүгінгі таңда Қазақстанда грек қатысуымен 50-ге жуық компания жұмыс істейді»  Ержан Еркінбаев

Сонымен қатар, Қазақстан мен Грекия арасындағы әуе қатынасы мәселесі талқыланды. Тараптар «Эйр Астана» авиакомпаниясының екі ел арасында әуе қатынасын одан әрі дамыту үшін үкіметаралық келісімге қол қою жөнінде жұмыстар жүргізуге келісті.

Өз кезегінде Константинос Фрагояннис қазақстандық әріптестеріне жоғары деңгейде ұйымдастырылған кездесу үшін алғыс білдірді. Жиын соңында грек делегациясы Ұлттық музей экспозициясымен танысты.

Айта кетейік, Қазақстан делегациясының құрамында мүдделі мемлекеттік орган өкілдері (АШМ, ҒЖБМ, СІМ, ИИДМ, ЕХӘҚМ және т. б.) болды. Грекия тарапынан жиынға ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Георгиос Георгантас, Инфрақұрылым, Көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары Михаил Пападопулос және т. б. қатысты.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Бизнеске қатысты қылмыстық істер жайлы кодексті қайта қарау қажет- Смайылов

12.01.2023

Отандық жүк тасымалдаушылардың халықаралық нарықтағы үлесі 7%-ға жетті

04.01.2023

Танымал кәсіпкер Қуаныш Шонбай оқуға кеңес беретін 7 мотивациялық кітап тізімі

09.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа