Бүгін еліміздің барлық мектептерінде терроризмге қарсы жаттығулар өтіп жатыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Оларға мемлекеттік және жекеменшік мектептердің оқушылары, педагогтар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысуда.
“Бірқатар маңызды мәселелер пысықталатын болады. Атап айтқанда, мектеп ұжымы, оның ішінде күзет ұйымдарына нұсқау беру, олардың әрқайсысының іс-әрекеттері мен міндеттерін бақылау; мектеп оқушыларына нұсқау беру және ұстаздар ұжымы мен білім алушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру; техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін тексеру, сондай-ақ жеке күзет ұйымдары дабыл түймелерінің көмегімен шақырылған жағдайда олардың жеделдігі тексеру”,- деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Оқу-жаттығуларды өткізудің негізгі мақсаты, техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан басқа, тиісті қауіпсіздікті сақтай отырып, қауіп туындаған жағдайда оқушылардың, мұғалімдердің және қызметкерлердің жедел әрекет етуіне бағдарлау болып табылады.