No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Келісі – 222 теңге: ең арзан ұн қайда сатылады?

17.08.2022
Жаңалықтар
17
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстанда ұн өндірісі 1,5%-ға өскенімен, баға 37%-ға көтерілді. 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында елде дәнді дақылдардан 1,6 миллион тонна ұн өндірілген, деп хабарлайды Kazbusiness.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша ұн өндірісінен үздік үштік:

  1. Қостанай облысы (552,4 мың тонна, бір жылда 7,4% артқан);
  2. Солтүстік Қазақстан облысы (164,5 мың тонна, бір жылда 10%-ға артқан);
  3. Шымкент қаласы (141,5 мың тонна, 14,9%-ға кеміген).

2021 жылы елде 3 миллион тонна ұн өндірілген, бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,3%-ға аз.

Отандық өндірушілер ішкі нарықты 98,9%-ға қамтамасыз етіп отыр. Импорт 2,4 есеге өскен, яғни 14,4 мың тонна ұн сырттан әкелінген.

Экспорт көлемі 764,7 мың тоннаға тең. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен бірден 36,2%-ға көп. Ішкі нарықтағы сатылым 21,3%-ға қысқарып, 551,7 мың тонна болды.

2022 жылдың қаңтар-маусым айларында экспорт құны 292,6 миллион долларға жетті, яғни 86,8%-ға өскен.

ТМД елдеріне 212,7 мың тонна ұн жіберілген. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 15,1%-ға көп. Қазақстан ұнының басым бөлігі Өзбекстанға (158 мың тонна немесе 17,6%) жіберілді. Алғашқы үштікте Түркіменстан мен Тәжікстан бар.

ТМД құрамына кірмейтін елдерге 552 мың тонна ұн жіберілді, құны 223,7 миллион доллар. Дегенмен бұл ұнның 551,5 мың тоннасы Ауғанстанға ғана жіберілген, өткен жылмен салыстырғанда бұл 47,1%-ға көп.

Шілдеде ұн бағасы бір жылда 36,6%-ға көтерілді. Бірінші сұрыпты ұнның келісі 225 теңгеге сатылса, жоғары сұрыптағы ұн 343 теңгеге саудалануда.

Ірі қалалар арасында ұнның ең жоғарғы бағасы Нұр-Сұлтанда (424 теңге) тіркелді. Ең арзан ұн Павлодар қаласында (келісі үшін 222 теңге).

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Заңнамадан бизнес үшін 10 мың керексіз талаптар алынып тасталады

19.04.2023

Ең тиімді депозит қайда?

14.02.2023

Алматыда полицей шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатты

05.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа