No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ең аз жалақы алатын кімдер?

14.09.2022
Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қостанай облысындағы алапат өрттен кейін елдегі орман шаруашылығы өзекті мәселеге айналды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Атамекен бизнесс сайтының мәліметінше, мәжіліс отырысында “Amanat” партиясының депутаттары орманшылардың әлеуметтік жағдайына байланысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдады.

“Осы күзде Қостанай облысында болған өрт елді мекендер үшін әлеуметтік-экономикалық мәселеге айналды. Сонымен қатар бұл экологиялақ апат. Қазақстан орманы аз елдер қатарында. Ормандардың тең жартысы сексеуілдердің үлесіне келеді.  Еліміздегі барлық ормандар қорғалған және өңірлердің экологиялық, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы үшін маңызды. Мұндағы бар жауапкершілік орман шаруашылықтарына жүктеледі. Жақында болған орман өрттері олардың қазіргі жағдайын әшкереледі”, – деді депутаттық сауалды жолдаған Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Вера Ким.

Оның айтуынша, осы орайда екі мәселеге назар аудару керек. Біріншісі, материалдық-техникалық қаматамасыз база.

“Бұл ұйымдар облыстық бюджет және орман шаруашылықтары есебінен қаржыландырылады. Сондықтан оларға бірдей сома бөленбейді. Егер елдегі ормандардың материалдық-техникалық базаларына назар аударсақ, олар 70-ші жылдар, яғни Кеңестік кезіндегі техника музейіне көбірек ұқсайды”, – деді Вера Ким.

Екінші мәселе – кадр тапшылығы. Соңғы жалақының көтерілгенін ескергеннің өзінде орманшылардың жалақысы елдегі ең төмен деңгейде.

“Қызметкерлер әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілмейді, қосымша қаржы қарастырылмаған. Соған қарамастан олар алыс аймақтарда тұрады. Біліктілігін жоғарылату курстары қарастырылмаған. Елімізде сала мамандарын даярлайтын 30 оқу орны бар. Олардың да материалдық-техникалық базасы төмен деңгейде. Бір курста оншақты бала оқиды, кейін мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Салада еңбек етіп жүргендердің тек үштен бірінің арнайы білімі бар. Орман қорын қалпына келтіру керектігін ескере отырып, аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасына қаражат бөлу қажет деп есептейміз. Сала мамандарының жалақысын көбейту, оқытуға жіберу, “Дипломмен ауылға” жобасына орманшыларды қосу, ғылыми зерттеу институттарына көңіл бөлу керек”, – деді Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Баспана алуға кезекте 15 мың қайтыс болған азамат тұрған

08.08.2023

Кәсіпті қаржысыз қалай бастауға болады?

07.12.2022

1 қыркүйектен бастап қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі

30.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа