Биылғы жолдауда президент ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған. Осының арқасында 1,8 миллион адамның табысы артады.
“Бұл тапсырманы орындау үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына ең төменгі еңбекақы көлемін 60 мыңнан 70 мыңға дейін өсіру туралы қыркүйек айында өзгеріс енгізіледі. Ал ең төменгі еңбекақыны анықтау және оны кезең-кезеңімен өсіру методикасын әзірлеу үшін Дүниежүзілік банктің сарапшыларын тарта отырып, зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жаңа методиканы 2023 жылдың наурыз айына дейін дайындаймыз. Ал келісілген методиканы және ең төменгі еңбекақыны арттыру механизмдері 2023 жылдың желтоқсан айына дейін ең төменгі әлеуметтік стандарттар туралы заңға және еңбек кодексіне енгізіледі” , – деді Дүйсенова үкіметтің бүгінгі отырысында.