No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында ҚХР инвесторларының қолдауымен 1 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев "Jiangxi Copper Company Limited" компаниясының директорлар кеңесінің вице-төрағасы Лю Фан Юнмен кездесті, деп хабарлайды kazbusiness.kz

30.09.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қонаев қаласында өткен кездесуге “Жетісу Вольфрамы” ЖШС жобасын іске асыруға инвестиция салатын гонконгтық “Jiaxin International Resources Investment Ltd”компаниясының өкілдері де қатысты. Бүгінгі таңда Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Бұғыты вольфрам кен орнында зауыт құрылысы жүріп жатыр. Кездесу барысында жобаны іске асырудың алдағы жоспарлары талқыланды.

Атап айтқанда, инвесторлар жалпы құны 270 миллион АҚШ долларын құрайтын негізгі кәсіпорынды салу кезінде кадрларды даярлау және еңбек мигранттарының үлесін арттыру мәселелерін көтерді.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл мәселе ел заңнамасында көрініс тапқанын және квотаны ұстану қажеттігін еске салды.

“Сіз өндірісті келесі жылы іске қосуды жоспарлап отырсыз. Бұл кадрларды даярлау жұмыстары бүгін жүргізілуі тиіс дегенді білдіреді. Сіз бұл жұмысты тиісті деңгейде жүргізбейсіз. Бұл үдерісті жеделдету қажет”, – деді облыс әкімі.

Компания өкілдері ковидтік шектеулерді алға тарта отырып, ескертуге келісті және бастапқыда жұмысшыларды Қытайға оқуға жіберу жоспарланғанын түсіндірді.
Бұдан басқа, өңір басшысы жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету және киім-кешек саласында қазақстандық компаниялармен ынтымақтасу қажеттігін атап өтті.

Лю Фан Юнь бұл ұсыныспен келісіп, жақын арада аталған бағыттағы жұмыс жолға қойылатынын атап өтті.

“Құрылыс аяқталғаннан кейін зауыт 1000 тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Біз оқытуға дайынбыз және өндірістік практикадан өту үшін зауыттан жұмысшылардың бірінші тобын ҚХР-ға жібергіміз келеді. Бұдан басқа, біз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізетін боламыз”, – деп сендірді Лю Фан Юнь.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Екібастұздағы апат: тұрғындардың шығыны қалай өтеледі?

05.12.2022

Алматы облысының тұрғыны 1990 жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай келеді

03.12.2022

Жанармай құю бекеттерінде баға өсті

18.04.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа