No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Фермерлер gosagro.kz сайтында субсидияларды онлайн ала алады

«АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін» техникалық пысықтау аяқталуға жақын. Цифрлық платформа құру жөніндегі бастама ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі деп жазды kazbusiness.kz сайты.

08.12.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

СБМАЖ толығымен автоматтандырылған және АӨК субсидиялау бойынша барлық мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта тегін көрсетуге мүмкіндік береді. Авто есептеулердің модулі өтінімді қабылдау кезеңінде де қолданыстағы нормаларға сәйкес, адамның қатысуысыз тиісті төлемді есептеуге мүмкіндік береді. Өтінімдерді берудің, субсидияларды өңдеудің және алудың бірыңғай нүктесі gosagro.kz сайтында болады.

Фермерлерге ыңғайлы болу үшін субсидия алудың орындылығын растау туралы қосымша анықтамалар беру қажеттілігі алынып тасталды, өйткені жүйе басқа мемлекеттік органдармен интеграцияланатын болады. Мысалы, СБМАЖ ауыл шаруашылығы министрлігінің жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника жөніндегі дерекқорларынан Қаржы министрлігінің электрондық шот-фактуралар, кооператив мүшелері туралы мәліметтерге, сондай-ақ Әділет министрлігі, Цифрлық даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің дерекқорларына қол жеткізе алады. Бұған қоса құрылыста мемлекеттік сараптама жүргізу туралы деректерді алу үшін «E-ЖСҚ» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары басталды.

Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір бере отырып, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Бюджет фермер тарапынан қосымша іс-қимылсыз «күту парағында» өтінімдердің кезектілігі бойынша ғана бөлінеді. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды. «Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді.

Аяқталатын техникалық жұмыстарды ескере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің СБМАЖ ақпараттық жүйесі айқындайтын барлық субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.

Нормативтік-құқықтық актінің жобасы тіркеу сатысында тұр. Осылайша, НҚА тіркелген сәттен бастап субсидиялау қызметтері «АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде» көрсетілетін болады.

Осының барлығы мемлекеттік қолдау жүйесін фермерлер үшін одан да қолжетімді және ыңғайлы етеді, сондай-ақ субсидиялар алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толығымен жояды.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

“Шеврон” және QazaqGaz өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

28.09.2022

9 ай ішінде мемлекетке шамамен 11 трлн теңге салық түсті

15.10.2022

«АрселорМиттал Теміртауға» 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды

24.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа