«Halyk» Түркияда зардап шеккендерге аудырылған қаржылай көмектің көлемін 2 есеге арттырды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметі мәлімдеді. Дерекке сүйенсек, 6 мың қазақстандық «Halyk Homebank» қосымшасы арқылы Түркияға ақша аударған. Жалпы көлемі 34 млн теңгеден асатын қаражат жиналған.
Осы соманы Halyq өз қаражаты есебінен 2 есеге арттырды. Қаражаттың басым бөлігі Түркияның төтенше жағдайлар салдарын жою басқармасына, қалғаны Қызыл ай қоғамы мен Ұлттық еріктілер желісіне жіберілді.