No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оралдағы «Кублей» зауыты жабылуы мүмкін

Бір тәулікте 200 мың консервіленген қалбыр өндіретін өндіріс орны жабылудың аз алдында тұр. Егер зауыт заңгерлері мен шағымданушылардың талабы қанағаттандырылмаса, «Кублей» консерві зауыты жабылады. Кәсіпорын ғана емес, осы зауытқа ет өткізіп отырған 2500-дей шаруа қожалығы да табыссыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды kazbusiness.kz "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.

05.10.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Оралдағы «Кублей» зауыты мен әкімдік арасындағы дау екі жыл бұрын басталған.  Әкімшілік консерві зауытының жанынан тұрғын үй кешенін салуға, құрылыс жүргізуге рұқсат берген. Құқық қорғаушы «Кублей» кәсіпорны мен Орал қаласы әкімдігінің арасындағы сот процесінен cоң өз өміріне де қауіп төніп тұрғанын айтты. Алматы маңындағы олигархтарға өтіп кеткен жер телімдерін мемлекетке, халыққа қайтаруға қатысты істердің басында жүрген заңгер Бақытжан Базарбек:

«Оралдағы әкімдік, жер қатынастары, сәулет құрылыс басқармасының үстінен шағымданудағы мақсатымыз – тек зауыттың саниатарлық аумағын сақтап қалу ғана емес, аталған мекемелердің жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыруына қатысты әрекеттерінің тексерілуін де талап етеміз. Барлық дәлелдемелдерді, 8 том айғақ ұсындық. Қарсы тарап бірде бір рет біз талап еткен құжаттарды ұсынған жоқ», – деді.

Сонымен қатар, заңгер алпауыт зауытты сақтап қалу немесе қолдан жоюға қатысты пікірін білдірді:

«Егер біздің талып-арызымыз қанағаттандырылмаса, бекітілген ПДП заңды деп есептеледі. Қазір құрылыс уақытша тоқтап тұр. Ал, әлгі құжат заңдастырылса, даулы құрылысқа рұқсат беріліп, тұрғын үй аумағы үлкейіп, сәйкесінше, санитарлық қорғау аймағы азаяды. Кемінде 100 метрлік санитарлық аймақ болмайды. Бұл туралы бізге санэпидемиялогиялық органдар ескертіп те қойған, «зауыт талабы қанағаттанлырылмаса, рұқсатымызды қайтарып аламыз».

Зауыт қолдан жойылса,  600 адам далада қалып, 2500 шаруа қожалықтары ет өнімдерін өткізетін жер таппай сенделуі мүмкін.

Қазақстандағы №1-ші өндіріс орны  шенеуніктердің заңсыз әрекетті, шешімдерінің салдарынан жабылып қалудың аз алдында тұр, – дейді зауыт қызметкерлері.

Айта кету керек, қазір жер теліміне қатысты дауға зауыт жанынан салынған үйдің тұрғындары да қатысып жатыр. Оларға судья “сотқа қатысушы үшінші тарап” деп анықтама берген.  Олар: “Кублейде” шаруамыз жоқ, біздің үйімізге кіруімізге кедергі келтірмесе болды”, – деп пікір білдіруде.

– Президентіміз «шағын-және орта бизнеске қолдау көрсетейік, зауыттар ашайық» – деп үндеу жариялайды, ал біздің жергілікті орындарды отырған әкімдік қызметкерлері бар кәсіпті тұншықтырғысы келеді. Бұл кісілердің қазір Кублейде шаруасы жоқ. Үйлерге тұрғындар көшірілгеннен кейін зауыттан шыққан ауаға тұншығып жатырмыз» демесіне кім кепіл? Зауыт емес ол кісілердің қасына көшіп барған? Ол кісілердің мәселесін зауыттың қасындағы санитарлық аумақтың нысаналы мақсатын өзгертіп, алпауыттарға сатып жіберген шенеуніктер жауап берсін!» – дейді заңгер.

Сонымен қатар,  Бақытжан Базарбек, өз өміріне қауіп төніп тұрғанын, оған осы сот процесінің қатысы барын да айтты.

«Бір адам менің өміріме қауіп төнетіні» туралы ескертті. «Сен Алматыда немесе Астанада бір жамандыққа ұшырап қалуың мүмкін» деді соттан соң. Мені атуы немесе улауы мүмкін. Тіпті, пышақтап кетуі де мүмкін. Маған қандай қауіп келетіні туралы сұрағанымда әлгі адам: «мен тек ескерттім» деді. Өміріме қауіп төніп отыр. Бұның басты себебі осы Орал қаласында болып жатқан сот», – деді Бақытжан Базарбек.

 

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

2024 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі

13.01.2023

Алимент төлеуден қашқандар өзін “банкрот” деп жариялай алмайды

02.12.2022

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа