Инфобизнес деген не? Курсыңыз сатылуы үшін нені біліп, қандай әрекет жасау қажет? Білімді бизнеске айналдыру маманы, инфопродюсер, кәсіпкер, travel blogger Нұрбақыт Төреханов миллион теңге алып келетін құпияны қолыңызға ұстатады. Ол kazbusiness.kz ақпарат агенттігі қойған 12 сұраққа жауап берді. Одан бөлек инфобизнеске келуінің себебін әңгімелеп, инфокәсіпке келемін деген жандарға 2 кеңесін берді.
Нұрбақыт ТӨРЕХАНОВ:
- Жасы 21-де;
- Тараз қаласы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылында дүниеге келген;
- Тараз қаласындағы №53 мектепті бітірген;
- Еуразия Ұлтық Университетінде “Мемлекетті басқару және менеджмент” мамандығында оқыды.
- Алматы қаласында маркетинг, фриланс, инфобизнес, продюсерлікпен айналысады.
Kazbusiness.kz: Нұрбақыт, инфобизнеске қалай келдің?
Нұрбақыт: 2020 жылдың басында инфобизнес “хит” болатынын түсіндім. Оған дейін маркетингтен кішігірім хабарым бар еді. Сол кезде онлайн курстар дами бастады. Өйткені пандемия, пандемиядан кейінгі ес жию кезеңінде барлығы үйде отырды. Содан мен маркетингтен тәжірибе жинап, кейс жасап инфобизнеске жаймен қадам бастым.
Kazbusiness.kz: Инфобизнеске өту үшін бір саланың эксперті болуға тиіссің деген пікір қалыптасқан. Осы туралы ойың, пікірің қандай?
Нұрбақыт: Әрине, инфобизнеске өту үшін бір саланың мықты эксперті, маманы болуың қажет. Себебі инфокәсіп басқаның өмірін түбегейлі өзгертуге әсер етеді. Сол себепті соған лайықты, себепші бола білуің керек. Саған қарап өзгере бастайды. Сол үшін жан-жақты болуға, мықты болуға, тәжірибелі, білімді болуы тиіс.
Kazbusiness.kz: Осы кәсіп арқылы қандай жетістіктерге жеттің?
Нұрбақыт: Инфобизнес арқылы мен 3 жылдың ішінде:
-
11 мемлекетте болдым;
-
әжемді Меккеге апарып, бес парызының бірін орындады;
-
алғашқы көлігімді алдым (2021 жылы шыққан темір тұлпар);
-
Астана қаласынан Comfort+ тұрғын үй кешенінен пәтер алдым.
21 жастағы жас кәсіпкер үшін осы жетістік емес пе? Одан бөлек, жеке брендім арқылы кей жандар танып, есімімді біле бастады. Бала күнімде арманымның бірі орындалды. Ол теледидардан мені жақындарым көрсе екен, телебағдарламаға сұхбат берсем екен деген арман еді. Міне, “Таңшолпан” бағдарламасына, Еларна, Хабар, КТК арналарына сұхбат беріп, бет-жүзім теледидардан көрінді (күлді).
Kazbusiness.kz: Бүгінге дейін қанша адамға ментор болдың
Нұрбақыт: Бүгінге дейін, шыны керек, жүзден аса адамға ментор болдым.
Kazbusiness.kz: Қазір көпшілік инфоцыганство туралы керағар пікір білдіріп жүр. Бұл жайлы не ойлайсың?
Нұрбақыт: Енді инфобизнес 2020 жылы қарқын алып, таныла бастады. Сол кезде ақша көбейгенін көп адам көріп, тәжірибесіз мамандар шыға бастады. Ол бүкіл елде болатын нәрсе. Білімі жоқ, бірақ басқаларға білімін сатса, ол дұрыс емес деп ойлайды.
Мысалы, ағылшын пәні мұғалімінің бірнеше жыл тәжірибесі болуы керек, ағылшынша білуі керек. Сол кезде ғана басқаға бірдене үйрете алады.
Тура сол сияқты кез келген салада әркім өз ісінің мықты маманы болса, ол басқаларға жақсы білім бере алады. Сол үшін қазір нарық таңдай бастады. Бұрынғыдай ала бермейді. Қазір халық ақылды.
Яғни, кім мықты, кім мықты емес, кім сапалы маман, кім сапасыз маман, бәрін анық біле бастады. Сол үшін қазір инфоцыганство деген нәрсе қалып бара жатыр. Нарықтан ондай адамдар ақырындап шыға бастайды. Соңында нарықта тек сенімді, тәжірибесі бар мамандар ғана қалады.
Kazbusiness.kz: Көпшілік өзіңді таңдап, тауарыңды алу үшін қандай әдіс-тәсілді қолданасың? Кейсіңдегі ерекше тауарлар?
Нұрбақыт: Немен қызықтырасың дегенде… мен Instagram әлеуметтік желісін жүргізгеннен кейін өздері қызығып келеді.
Өзім 18 жасымда 30 миллион, 19 жасымда 100 миллион, 20 жасымда үй мен көлік алдым және 11 мемлекетте болдым. Адамдар осыған қызығады.
Одан кейін Қазақстанда ең алғашқы продюсер деп танылған эксперттердің бірі болдым. Сол үшін алғышқылардың бірінен, мықты маманнан оқығысы келеді.
Оқушыларымның да жетістері бар. Соған да қызығады. Мысалы, бір оқушым Шымкент қаласынан үш бөлмелі үй алды. Эльдар есімді шәкіртім бір айда он миллион теңге тапты. Солай өзіне алғашқы көлігін алды. Қуаныш деген шәкіртім Glovo-да жұмыс істеп жүріп, инфобизнес арқылы 13,5 миллион теңге тапты.
Одан бөлек, өзім жас болғаннан кейін менен көбіне жастар алады ғой. Бірақ мықты эксперттер де алып жатады. Неге? Себебі олар қалай сату керегін біле бермейді.
Kazbusiness.kz: Жаңадан келушілер кәсібіңе күдікпен қарайтын кездер бола ма?
Нұрбақыт: Кез келген адам бір іске күдіктенеді. Ол заңдылық. Бірақ уақыт өте келе кейстарды, басқалардың пікірлерін көріп, менің жұмыстарымды көріп, ойы өзгереді.
Kazbusiness.kz: Табысты көбейту үшін қандай стратегияны қолданасың?
Нұрбақыт: Мен өзім продюсер болғандықтан, басқа да эксперттерге “запуск” жасаймын. Содан табысым көбейеді.
Kazbusiness.kz: Бизнесте жақсы ортаның болғаны өте маңызды. Айналаңа қандай адамдар үйір? Командаң жайлы айтсаң.
Нұрбақыт: Әрине, бизнесте орта өте маңызды. Мысалы, мен әрдайым өзімнен жоғары адамдармен араласамын. Солармен көп сөйлесемін, көп кездесемін. Сол арқылы тәжірибе жинаймын. Командамда 15 шақты адам бар. Оның оны сату маманы, қалғаны дизайнер, мобилограф.
Kazbusiness.kz: Инфобизнеске керек үш нәрсе?
Нұрбақыт:
- Ең басты нәрсе – тәжірибе.
- Екіншіден, сенің адамдарға деген ниетің түзу болу керек.
- Үшінші, воронка, маркетинг жағынан хабарың болу керек.
Kazbusiness.kz: Әр адамның хоббиі, рахаттанатын ісі болады. Мысалы, біреу ұшақтан парашютпен секіреді, басқасы серфингпен айналысады. Сен ше?
Нұрбақыт: Мен шетелге шығамын. Шетелге шығу ой-өрісті, көзқарасты өзгертеді.
Kazbusiness.kz: Топ-3 кітап тізімі?
Нұрбақыт:
- «Лайфхактар» – Даниал Жігітбек;
- «Кемел адам» – Қайрат Жолдыбайұлы;
- «Екінші болма» – Қуаныш Шонбай.
Kazbusiness.kz: Үлкен тасбыстарға жетуіңе тілектеспін. Сөз соңында жастарға екі кеңес?
Нұрбақыт: Жастар үнемі дамып, білім алуы керек. Жақсы орта болсын. Осы екі нәрсе болса, көп нәрсе өзгереді.