No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кайдзен: бизнесті ілгерілетуге арналған жапондық философия

24.10.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кайдзен – компания жұмысын жақсартуға арналған жапондық философия әрі практикалық жүйе. Термин Жапонияда пайда болған. Оның мақсаты – бизнесті, басқару жүйесі мен жұмысшылардың өмірін жақсарту. Кайдзен қызмет сапасына баса көңіл аударады.

Кайдзеннің төрт құралы

Қызмет пен жұмыс сапасын жақсарту үшін кайдзен негізгі төрт құралды қолданады.

Жұмыс барысын ұйымдастыру. Басты мақсат – жұмыс орынында тәртіп орнату. Бұл әр жұмысшыға тиімді жұмыс пен табысты кепілдендіреді.

Сапаны бақылау. Сапалы тауар өндіруге мүмкіндік береді. Осылайша компанияның еңбек өнімділігі артады.

Систематизация. Қызметкерлерді оқыту мен жұмыс барысында қатаң тәртіпті ұстану. Бұл ұйымдастыру мен өндірісте тиімділікті бір қалыпта ұстауға жол ашады. Жұмысшылар арасындағы тәртіп тауар сапасына кепілдік береді.

Шығынды азайту. Жұмыс тиімділігін арттыру менеджмент мен өндіріске кететін шығынды азайтады.

Тәртіп, дұрыс ұйымдастыру мен тазалық – көп компанияларда жетіспейтін қасиеттер. Кайдзен философиясы менеджментті үздіксіз дамытуға бағытталған. Бұл әдісті қазіргі уақытта бизнестен бөлек саясатта да қолданушылар жиі кездеседі.

«5 S» — идеалды жұмыс орынының құпиясы

Жапондық кәсіпкерлердің айтуы бойынша қызметкердің жұмыс орыны оның ойлауы, жұмыс тиімділігі мен міндетін дұрыс атқаруға тікелей әсер етеді. Осы себепті Кайдзен философиясында жұмыс орынын реттеуге арналған «5 S» атты ереже бар.

Seiri – ұқыптылық. Қызметкер жұмыс орынынан барлық артық бөлшектерді алып тастауы керек.

Seiton – реттілік. Әрбір құралдың өзіндік орыны болу керек. Олардың орналасуын жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ғана өзгертуге болады.

Seiso – тазалық. Жұмыс орыны мен жұмыс барысы әр уақытта таза болуы керек.

Seiketsu – стандарт. Жұмыс орыны мен жұмыс барысы белгілі ережеге байланысты ұйымдастырылуы қажет.

Shitsuke – тәртіп. Қызметкер бекітілген ережені мүлде бұзбауы керек.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Әр жұмысшы өзіне бөлінген міндеттің маңызын түсінеді. Ол өзінің қызметтік мансабын асыра пайдалана алмайды. Сонымен қатар Кайдзен арқылы қызметкер өзінің жұмыс орынын қадірлейді.

Компания басшылығы өзінің міндетін жақсы түсінетін қызметкерден жұмыс тиімділігін талап ете алады. Ал жұмысшылар өздерінен қандай нәтиже күтетінін сезінеді.

Жапондық жүйені барлық жағдайда қолдануға болады. Бастысы мына қағидаларды естен шығармаңыз:

  • Артық заттардан арылу;
  • Өзіндік жұмыс жүйесін қалыптастыру;
  • Өзіңізді және жүйені әр уақытта дамыту.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Атырау облысы: бағбан 35 тонна лимон жинады

04.01.2023

Алматыдағы «Тұлпар» базары сәуірден бастап жабылады

10.03.2023

«Квику» микроқаржы ұйымы лизенциясынан айырылды

07.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа