No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кәсіпкерлер әлеуметтік желі арқылы тауарын қалай сатуына болады?

05.10.2022
Жаңалықтар
13
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Kazbusiness клубында әлеуметтік желідегі маркетинг тақырыбында семинар өтті. Шараға әр сала бойынша жиналған кәсіпкерлер SMM-маман Жұлдыз Жайлаубайқызының дәріс сабағын тыңдады, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі.

Клубтағы кездесу барысында Жұлдыз Жайлаубайқызы әлеуметтік желілер бойынша бизнес-аккаунтты дамытуға қатысты әдіс-тәсілдермен бөлісті.  Спикер Instagram қосымшасының мысалында аудиторияның көңілін қалай аулауға болатынын түсіндірді. Ол бизнес-аккаунттың логинынан бастап, түрлі тәсілдерді бүге-шүгесіне дейін үйретті.

Айта кетейік, семинардың мақсаты:

  • кәсіпкерлердің бизнес-аккаунтын дамыту;
  • контент-маркетинг қалай жұмыс істейтінін түсіндіру;
  • интернет-платформада бизнесті жүргізу.

“Әлеуметтік желіде бизнесіңді дамытып, тауарыңды сату үшін әрдайым жарнама жасау міндетті емес. Оның орнына контент-маркетингті дұрыс құрастыру арқылы тауарыңды сатуға болады. Яғни жүйелі сатылым.  Одан бөлек қазіргі уақытта кей кәсіпкерлер әлеуметтік желінің елеулі күшке ие екенін біле бермейді. Сайт болсын, әлеуметтік желі болсын тауарыңды оңай сату жолдарынан бейхабар. Егер олар бұл бағыттың қыр-сырларын біліп, меңгерсе, табыстың жаңа деңгейіне шығады”, – дейді Жұлдыз Жайлаубайқызы.

SMM маманның семинарлары әлеуметтік желі арқылы тұтынушылар санын арттырып, табыстың жаңа деңгейіне шығуға бағытталған. Кездесуге келген кәсіпкерлер шапка құру, аккаунт ашу сынды әлеуметтік желінің бастапқы іс-әрекеттерін меңгерді.

Алдағы уақытта ұйымдастырылытын клуб кездеуде төмендегі тақырыптар бойынша шеберлік сағатын өткізу жоспарланған:

  • Instagram арқылы контент жоспар құру;
  • пост жазу;
  • дұрыс визуал жасау;
  • аккаунтты дұрыс жүргізу;
  • reels түсіру;
  • оқырмандарға тартымды парақшаны әрлеу және т.б.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Еңбектің наны тәтті…

01.07.2022

Zara брендінің негізін қалаушы: жалдамалы жұмысшыдан бизнесменге дейін

31.10.2022

Енді электр самокаты үшін жүргізуші куәлігі талап етіледі

10.05.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа