No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА – Алматыда “Ұлттық өнім” көрмесі өтіп жатыр

05.05.2023
Жаңалықтар
28
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматыда VII «Ұлттық өнім» көрмесі өтіп жатыр. Кәсіпкерлер көрмесі Алматыда алғаш ұйымдастырылды, бұған дейін іс-шара елордада өткізілетін. Көрмеде түрлі өңірден келген 300-ден астам шағын және орта бизнес өкілдері отандық тауарлар мен қызметтерді ұсынды. Оның ішінде 30 алматылық компания қатысып жатыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

300-ден астам отандық кәсіпорын өз өнімдерін «Ulttyq Ónim» көрмесінде ұсынды

“Ұлттық өнім” көрмесі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Даму» кәсіпкерлікті  дамыту қоры» АҚ бастамасымен ұйымдастырылды. Көрменің ашылуында Ерболат Досаев Алматыда іскерлік өскенін атап өтті.

«Биыл жыл басынан бері мегаполисте іскерлік белсенділік айтарлықтай өсті. Осы жылдың бірінші тоқсанында іскерлік белсенділік индексінің деңгейі бойынша (57,9%) Алматы Қазақстан өңірлер арасында бірінші орынға шықты. Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш шамамен 24%-ға өсті. ШОБ дамыту әркез біздің назарымызда. Биыл мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында экономиканың басым бағыттары мен саласындағы 3 мыңнан астам жобаны қолдау үшін 44 млрд.теңге бөлінді», – деді Е.Досаев.

Көрмеде азық-түлік, киім-кешек және аяқ киім, жиһаз, құрылыс материалдары, машина жасау жабдықтары, химия өнеркәсібі өнімдерін шығаратын және басқа да көптеген кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынып отыр.

Бүгін «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығының 11 павильонында ашылған көрме 7 мамырға дейін жалғасады.

Айта кеткен жөн, көрмеге өнімдері қойылған кәсіпкерлер жаңа әлеуетті тұтынушыларды табуға, қалыптасқан байланыстарды нығайтуға және іскер серіктестер табуға мүмкіндік алады. Көптеген кәсіпорындар үшін көрмеге қатысу – өз өнімдерін немесе қызметтерін таныстыру, сондай-ақ бір саланың адамдары арасындағы қарым-қатынас, жаңа таныстар мен идеялар арқылы «танылудың» тағы бір жолы. Іскерліктен басқа, көрмеге қатысу тұтынушылар мен олардың  не күтетіндері туралы көбірек білуге, өнімдер туралы жылдам кері байланыс алуға, ең бастысы, салалас өнім өндірушілермен танысуға мүмкіндік береді.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Түрік компаниясы Қазақстанға 200 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр

12.10.2022

Павлодарда алты жасар бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап кетті

23.05.2023

Жетісу облысында асыл тұқымды ірі қара саны 20% артты

28.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа