Кез келген кәсіпкер касса алшақтығына және қаржының жеткіліксіздігіне тап болуы мүмкін. Әдетте олар мұндай кезде бірден несие алуға асығады. Алайда қаржы нарығында одан да оңтайлы шешімі бар.
Қаржының жетпеуі бизнеске айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін: төлемдер кешіктіріледі, клиенттерге тауарды жеткізіп беру шарттары бұзылады, осылайша бизнестің абыройына нұқсан келеді. Кәсіпкерлер мұның алдын алу үшін KMF компаниясы ұсынатын факторинг қызметіне жүгіне алады.
Факторингтің қарапайым микрокредиттен айырмашылығы қандай?
“Микрокредит бизнеске шектеулі мерзімге беріледі. Ал факторинг – бір келісімшарт негізінде, транш түрінде берілетін мерзімсіз қаржыландыру. Қаржыландырудың бұл түрі кепілдікті талап етпейді және алынған ақшаның мақсатты пайдаланылуы бақыланбайды, сондай-ақ растайтын құжаттарды ұсынбастан жұмсауға болады”, – дейді KMF басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханова.
Бұл жеткізуші мен сатып алушыға қалай әсер етеді?
Факторинг кезінде төлем былайша жүзеге асады: қызмет көрсетуші немесе тауар сатушы ақшаны бірден KMF-тен алады, ал тапсырыс берушінің төлемі белгіленген мерзімде KMF-ке түседі. Сонымен қатар, төлем сомасы мен шарттары өзгермейді және тапсырыс беруші бұрынғыдай, келісімшартта көрсетілген мерзімде төлем жасайды. Сондай-ақ, ол сатушыдан төлем мерзімін ұзартуды немесе тапсырыс көлемін, сәйкесінше төлемді арттыруды сұрай алады.
Бұл қызмет қандай бизнес үшін қолжетімді?
Факторинг қызметі – қарапайым несиелеу кезінде қиындықтарға тап болып жататын әсіресе ШОБ үшін таптырмас шешім.
Олар кімдер:
тапсырыс берушілерімен төлемді кейінге қалдыру шартымен жұмыс істейтін тауар сатушылар мен қызмет көрсететіндер;
көтерме сауда кәсіпорындары;
өнімді өткізудің өзіндік жүйесі бар өндірістік кәсіпорындар;
қызмет көрсетуші компаниялар – мысалы, көлік-логистикалық компаниялар, жарнама компаниялары.
Қызметке қалай қол жеткізуге болады?
“Кәсіпкерлерге 7474 номеріне хабарласу жеткілікті, бұл KMF-тің байланыс орталығы. Мамандарымыз шарттары туралы толығырақ түсіндіріп береді. Біз KMF-те жылдам қызмет көрсетуге, өнімдер мен қызметтер бойынша шарттардың түсінікті болуына баса назар аударамыз. Факторингпен де солай, біз клиент ұсынған ақпаратты талдаймыз, клиенттің өзін тексереміз, содан кейін ол төлемдер кідірмей, артық төлемсіз пайдалануды жалғастыра алатын қаржыландырумен қамтамасыз етеміз”, – дейді Қарлығаш Райханова.
KMF-те факторинг сомасы 10-нан 300 миллион теңгеге дейінгі аралықта және 120 күнге дейінгі мерзімге беріледі, сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін 30 күндік жеңілдікті кезең қарастырылған.
Факторингке жатпайтын компаниялар санаты да бар – бұл құрылыс, аграрлық және ауылшаруашылық кәсіпорындары, сондай-ақ темекі өнімдерін өндірушілер.
KMF – микроқаржыландыру саласының көшбасшысы. Компания 25 жылдан бері отандық кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосып келеді. Еліміз бойынша 250 мыңнан аса клиенті бар ұйым көбіне микро, шағын және орта кәсіп иелерін қаржыландырады. Факторингтің артықшылықтары мен мүмкіншіліктері туралы толығырақ компания сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 номері арқылы білуге болады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.
*PR құқығында.
Куат Нуралиулы