No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Kazbusiness ұсынады: Нетворкинг туралы 5 кітап

04.11.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
4
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Нетворкинг – кез келген адаммен оңай қарым-қатынас орната білу. Ол адаммен қызметіңіз, мақсатыңыз ұқсас болуы тиіс. Оның пайдасы мол. Ендеше kazbusiness.kz назарларыңызға нетворкинг туралы үздік 5 кітапты ұсынады.

«Ешқашан жалғыз тамақтанбаңыз» (Never eat alone), Кейт Феррацци

Автор К.Феррацци «Forbes» журналы бойынша әлемдегі ең ашық адамдардың бірі. Нетворкингтің басты қағидаларымен таныстырады. Кітапта адамдармен танысып қоймай, телефон арқылы дұрыс сөйлесу, кездесудегі ережелер туралы баяндайды. Автордың ойынша, достық, жақындық бірге ас ішуден басталады. Сол үшін араласқыңыз келетін жанды тамаққа шақырыңыз.

«Интровертке арналған нетворкинг» (Networking for people who hate Networking), Девора Зак

Егер сіз тұйық, тез ашыла қоймайтын жан болсаңыз, осы кітапты оқығаныңыз жөн. Автор интроверттерің болмысын өзгертуге кеңес бермейді. Керісінше олардың ерекшелігін бағалайды. Кітапта экстроверт не интроверт екеніңізді анықтайтын арнайы тест те бар. Д. Шынайы болмысыңыздан алыстамай, қарым-қатынас орнату туралы айтады.

«Таныстық бәрін шешеді» (Work the Pond), Дарси Резак

Д.Резак – бизнесмен және психолог. Ол жол жүру, саяхат жасау барысында көп жандармен танысқан. Осыған сәйкес автор мейлі автобус не ұшақ болсын кез келген жерде танысуға кеңес береді. Автор іскерлік кездесулерде өзіңді қалай ұстаудың құпияларымен бөліседі. Кітаптың ерекшелігі жеткізу тілінде. Ертегі іспеттес стильде жазылған.

«Эффективті нетворкинг» (Эффективный нетворкинг), Алексей Бабушкин

Орыс тілінде жарық көрген санаулы кітаптардың бірі. Аталмыш кітап азиялықтарға қолайлы. Кітапта сіз адамдармен емес, олар сізбен танысу үшін не істеу керек екенін түсіндіреді. Ирина Хакамада, Николас Коро сынды белгілі нетворкингі дамыған жандар тәжірибесі баяндалған. Ерекшелігі – кітапта әйелдерге арналған арнайы тарау бар.

«Нетворкингтің жаңа құпиясөзі», Гил Петерсил

«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деген мақал осы кітапқа арқау. Себебі автор неғұрлым досың көп болғаны жөн дейді. Көшеде кезіккен жанмен таныса салмай, сырттай бақылаған және мақсаты бір адаммен танысуға ұсыныс жасайды. Бұдан соң, көп адамның танысқаннан кейін қарым-қатынасты сақтап қалмайды. Бұл дұрыс емес. Автордың айтуынша «Нетворкинг – танысып қана қоймай, ары қарай қарым-қатынасты сақтап қалу». Ол үшін танысқаннан соң 2-3 күн ұзамай сол жанмен кездесу, шайға шақыру және т.б.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Кредит бойынша кепілгер болудың салдары қандай?

19.01.2023

Батыс Қазақстанда жылына 30 млн дана кірпіш шығады

25.08.2022

5 мемлекет арасында «Түркі инвестициялық қоры» құрылмақ

13.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа