No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кептірілген жемістерді кәсіпке айналдырған отбасы

13.12.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
21
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Елордалық Болат және Гүлмира Әбдіғасеновтер – шағын кәсіп иелері. Олар жемістен жасалған кептірілген чипсылар мен пастила өндіретін цех ашқан. Айтуларынша, бұл істі бастауға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсеткен. Кәсіпкер жұп алдағы уақытта өнімдерін Дубайға экспортқа шығуды жоспарлап отыр.


 

Дәрумендердің барлығы кептірілген жеміс-жидектерде толығымен сақталады. Сондықтан мамандар оны азық ретінде және емдік мақсатта пайдалануға кеңес береді. Мәселен, алманың қақтары бауыр мен бүйректің зат алмасуын жақсартады. Күн сайын тамақтану барысында кептірілген жеміс-жидектерді молынан жеген дұрыс. Нәтижесінде тырнақ пен шаштың қатаюына және жүзіңіздің ажарлануына көп септігін тигізеді. Осындай пайдалы тұстарын ескере отырып, Болат пен Гүлмира Әбдіғасеновтер кептірілген чипсылар мен пастила жасау бизнесін қолға алған.

 

– Осыдан бірнеше жыл бұрын ғаламтордан «Пастила өндіретін цех сатылады» деген   хабарландыруды көріп, бірден сатып алу жайында әйеліме айттым. Оны естіген бойда жұбайым қолдай кетті. Бірақ біз әуелі цех емес, шағын бір аппарат сатып алып, бастап көрейік деп ұйғардық, – дейді Болат Әбдіғасенов.

 

Осы іспен шұғылдануға Әбдіғасеновтерге тағы бір жағдай себеп болған.

 

– Сол уақытта жеті-сегіз жастағы ұлымызда чипсы мен тәттілерге аллергия болатын. Бұл балалардың сүйіп жейтін тағамдары емес пе? Бірден тыйым салу мүмкін емес. Тәттіні кептірілген жемістерге алмастыруды ойладық. Баланы жемістерден жасалған кептірілген чипсылар мен пастилаларға үйреттік. Сондай-ақ бұларды жақын туыс-туғандарға, таныстарға ұсынып, дәм татқыздық. Оларға ұнады. Ұнағаны соншалық «Осы өнімді неге сатылымға шығармасқа?» деген ұсыныс түсті, – дейді Гүлмира Әбдіғасенова.


 

Сол уақытта күллі әлемге таралған жұқпалы індетке байланысты жеке фирмада қызмет еткен Гүлмираға жұмыстан шығуға тура келеді. Өйткені бала-бақшалардың жұмысы тоқтағандықтан балаларды үйде өзі қараған. Ал ол кезде олардың кенже баласы небәрі үш жаста болыпты.

 

– Үйде тек Болат қана жұмыс істеді. Өздеріңіз білесіздер, қалада бір адамның табысына отбасыны асырау қиындау. Содан біз тоқыма, тігін, қияр, қызанақ өсіретін жылыжаймен айналысу сынды бірнеше бизнес-идеямызбен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына барғанбыз. Өкінішке қарай бұл жобаларымыз өтпеді. Кейін жемістен пастила мен чипсы шығару жөнінде бизнес-идеямызды ұсынып едік, жобамыз өтті. Пандемия болғандықтан «Бастау Бизнес» курсын 1 ай онлайн оқыдық. Бұл жолы идеямыз үздік деп танылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (555 мың теңге) грант ұтып алдық. Бұл 2020 жылдың қазан айы болатын, – деп еске түсірді Болат Әбдіғасенов.

Олар ең әуелі Еуроодақтың тағамның сәйкестігін растайтын сертификатын алады.

– Бұл қаржыны қажетті құрал-жабдықтарға жұмсадық. Атап айтсақ, грантқа бес аппарат сатып алдық. Қаладағы дүкендерге сатылымға шығармасақ та, әлеуметтік желі оның ішінде инстаграмм желісімен өткіземіз. Бизнеспен кәсіби түрде айналысамыз. Кептіретін арнайы аппаратта кептіреміз, таңбалаймыз, кейін қаптамаға орап береміз. Бәрі бірізділікке қойылған, – дейді Болат Әбдіғасенов.


 

Жас кәсіпкерлер бизнесті бастау кезінде қиындықтар болғанын жасырмады. Олар бастысы алғашқы уақытта кәсіби тұрғыда білім деңгейін арттырып отырған жөн дейді.

 

– Бизнесті бастайтын уақытта арнайы аппараттармен қоса, өндіретін өнімнің қоспаларын, арнайы қаптамаларын, тағамның сәйкестігін растайтын сертификатын алуға қосымша қаржы қажет. Сол үшін Болатқа қосымша жұмыс істеуге тура келді. Жұмыстың арасында жолдасым кептірілген чипсылар мен пастилаларды клиенттерге жеткізумен де айналысты. Осылайша бизнесімізді бастаған едік, – дейді Гүлмира Әбдіғасенова.

 

Бұған дейін олар инстаграмм арқылы тауар сатудан мүлдем хабарсыз болған. Осы іспен шұғылдануды бастағаннан бері олар контент жасау, жарнама беру, клиент тарту және т.б. үйренгенін айтады.

 

Былтыр кәсіпкер жұп «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан құны бес миллион теңге болатын грант алған еді. Оған көрші Ресейден автоматты түрде қаптамаға орайтын арнайы аппарат сатып алды. Айтуларынша бұл жұмысты жеңілдетеді. Сондай-ақ көбірек өнім өндіруге мүмкіндік береді екен. Нәтижесінде экспортқа шығуға жол ашылады.

 

– Пастила дұрыс тамақтануға арналған тағамдар қатарына жатады. Оның құрамы таза өнімдерге бай. Бұған біз қант сияқты зиянды қоспа қоспаймыз. Ас қорыту жұмысын жақсартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ тамақ арасында жүрек жалғағанға да таптырмайтын тағам, – дейді Гүлмира Әбдіғасенова.

 

Кәсіпкерлердің айтуынша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырумен көмектеседі. Мұнда олар өз өнімдерін сатылымға шығаруға мүмкіндік алады. Сол арқылы олардың тауарларын көпшілік одан сайын тани түседі.

 

Олар пастила мен чипсыларды абрикос, құлпынай, шие сынды жеміс-жидектерден жасайды. Ал олардың алғашқы клиенттері жақын туыс-туғандары мен достары болған.

 

– Мысалы, жарты келі алманы балаға бір мезетте жегізе алмаймыз ғой. Ал кептірілген пастилада жарты келі алма бар. Яғни жарты келі алманың дәрумені бар. Ал пастила болса, жеңіл әрі тез сіңімді тағам. Бұл тағам әсіресе алты айдан асқан сәбилерге, дұрыс тамақтанумен айналысатын және спортпен шұғылданатын адамдарға арналған өнім, – деп сөзін түйіндеді Болат Әбдіғасенов.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Маңғыстаулық кәсіпкердің әділдік іздеп жүргеніне 5 жылдан асты

17.11.2022

Шаруалар субсидия алу үшін арнайы порталда өтініш бере алады

10.01.2023

Бизнес идеяны жүзеге асыруға грант ұтып ал. Шарттары қандай?

10.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа