No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығы секторына қалай ықпал етеді?

30.11.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
41
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының 80 пайыздан астамы ескірген. Мұндай дерек ашық талқыға шығарылған Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы стратегиясының құжатында келтірілген.

«Ауыл шаруашылығы секторы климаттың ықпалына бейім. Климаттың өзгеруі Қазақстандағы жауын-шашын мен биомдардың құрылымына ықпал етеді, экстремалды ауа райы құбылыстарының жиілігі мен қарқындылығы артады, орташа температура жоғарылайды және суаруға арналған судың қолжетімділігі төмендейді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығына ұлттық су тұтынудың 3/2 тиесілі. Климаттың өзгеруі көптеген дақылдардың және барлық дерлік аймақтардың өнімділігінің өсуіне теріс әсер етуі мүмкін.

Ауыл шаруашылығын дамыту басты басымдықтардың бірі саналады. Өйткені, ол жұмыспен қамтуда, әсіресе ауылдық жерлерде, сондай-ақ әлеуметтік және азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты маңызды рөл атқарады. Алайда, қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулі болуы көптеген фермерлерге өнімді және тұрақты ауылшаруашылық секторын дамытуға кедергі келтіреді. Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының 80%-дан астамы ескірген. Қазіргі уақытта Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің тек 1%-ы ғана органикалық ауыл шаруашылығына бөлінеді», – деп көрсетілген құжатта.

Ел Үкіметі ұсынған Стратегия құжатында аталған мәселелерді шешудің бірнеше жолы көрсетілген. Оның бірі – ауылшаруашылық қалдықтарынан биоэнергия өндіру әлеуетін барынша пайдалану. Тиісінше биогазды жылу және электр энергиясын өндіруде қолдану жоспарланып отыр. Оның нәтижесінде ауаға бөлінетін парниктік газ қалдықтарының көлемі азаяды. Сонымен қоса, егін шаруашылығын дамытуда климаттың өзгеруіне тез бейімделетін дақылдарды енгізу көзделеді.

Тоқтала кетсек, бекітілуі мүмкін Стратегияның мақсаты – тиімді әрі төмен көміртекті даму моделін құру, балама көздерді енгізу. Атап айтқанда, қазба энергия ресурстарын жағу көлемін азайтып, тиісінше тиімді технологияларды қолдану. Ол үшін қалалар мен өңірлерге және түрлі бизнес салаларын қоса алғанда, экономикаға жасыл инвестицияларды тарту жоспарланған. Құжатта көрсетілгендей, аталған жұмыстарды кезең-кезеңімен орындай отырып, еліміз 2030 жылға қарай ауаға бөлінетін парниктік газ қалдықтарын 15 пайызға төмендетеді. Ал 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қаңтар айында жұмыс іздеушілер үш есе көбейді

20.02.2023

Торғайлық екі зауыт өрттен зардап шеккендерге 100 млн теңге аударады

05.09.2022

Ресейлік жұмысшылар саны бойынша Қазақстан көш бастады

18.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа