Чан Ким және Рене Моборн — бизнес саласында жетістікке жеткен жандар. Олар бизнес идея және стратегиялар мысалымен бөліседі. «Көгілдір мұхит стратегиясы. Басқалардан тыс нарықты қалай табуға немесе құруға болады» (Blue ocean shift: Beyond competing — proven steps to inspire confidence and seize new growth) кітабында 150 мықты стратегияны көрсетеді. Назарларыңызға кітаптың қысқаша мазмұнын ұсынамыз.
Авторлар туралы
Чан Ким – әйгілі бизнес-кеңесшілердің бірі, профессор және INSEAD француз бизнес-мектебі мен халықаралық менеджмент кафедрасының мүшесі. Value Innovation Action Tank директорлар кеңесі мен ЕуроОдақ кеңесінің мүшесі.
Рене Мауборг – жоғарыда аталған INSEAD менеджментінің көрнекті зерттеушісі және профессоры, Дүниежүзілік экономикалық форумның мүшесі.
Кітаптың қысқаша мазмұны
Кітап он бес жылдық зерттеуге негізделген. Мысал ретінде 120 жыл бойы қолданылған 150 өнімнің стратегиясын келтіреді. Дәл осы стратегиялар көгілдір мұхиттың жалпы стратегиясын шынайы етті.
Кітап кіріспеден, авторларға алғыс және үш үлкен бөлімнен тұрады. Барлығы тоғыз тарау, қосымшалар мен ескертпелер, библиография және авторларға арналған блок бар.
«Көгілдір мұхиттың» құрылуы
«Көгілдір мұхиттың» құрылуын әйгілі цирк шоуы «Cirque du Soleil»-мен сипаттауға болады. Олар кәдімгі цирк шоуларымен бәсекелеспеу туралы шешім қабылдады. Себебі бәсекелестік болмайтын нарықтың бос сегментін құруға бел буды. Нарық жаңа мақсатты аудиторияға бағытталды. Цирктің жетістігі – ұйымдастырушылар болашақта жетістікке жету үшін бәсекелестіктен арылу керектігін білуі.
Компания мен саладан стратегиялық қадамға
Стратегиялық қадам — жаңа нарықты құра алатын ірі бизнес-ұсыныс. Соны әзірлеуге бағытталған шешімдер мен іс-әрекеттердің жиынтығы.
Көгілдір мұхитты құрудағы жеңімпаздар мен сәтсіздікке ұшыраған компаниялардың айырмашылығы – олардың әрқайсысы стратегияны әр түрлі қолданды.
Қызыл мұхитта қалып қойған адамдар бәсекелестерден озып, нарықта ыңғайлы болатын дәстүрлі тәсілге жүгінеді. «Көгілдір мұхиттағы» кәсіпкерлер басқаға алаңдамады. Олар «құндылық инновациясы» деп аталатын басқа стратегияға сүйенеді.
Стратегия әдістері
Көгілдір мұхит стратегиясының бірінші қағидасы – бәсекелестік әлемінен шығу және жаңа индустрия құруға бағытталған нарықты қайта құру. Нарықты қайта құрудың алты әдісі бар:
- Балама салаларды зерттеу;
- Саланың стратегиялық топтарын зерттеу;
- Сатып алушының тізбегіне қарау;
- Қосымша қызметтер мен өнімдерді сараптау;
- Тұтынушылар үшін өнімнің функционалды және эмоционалды тартымдылығын талдау;
- Ертеңгі күнді болжау.
Сандарға емес, бейнеге назар аударыңыз
Бұл қағида тәуекелді төмендетеді.
Стратегиялық канва жасау төрт кезеңнен тұрады:
- Көрнекі шабыт;
- Көрнекі зерттеу;
- Көрнекі стратегия жәрмеңкесі;
- Көрнекі қарым-қатынас;
Қолданыстағы сұраныстан асып кету
Бұл — жаңашылдыққа жетудің кілті. Жетістікке жету үшін қазіргі таңда бар клиенттерге назар аударыңыз. Сол клиенттерге одан әрі жағу үшін жұмыс істеңіз.
Ірі ұйымдастырушылық кедергілерді жеңу
Компания төрт негізгі кедергіні жеңуі керек.
Біріншісі – қызметкерлердің ішкі диссонациясы. Жұмысшылар стратегиялық өзгерістің дұрыс және қажет екендігіне сенімді болу керек.
Екінші кедергі – шектеулі ресурстар. Компанияға неғұрлым өзгеріс керек болса, оларды іске асыру үшін соғұрлым көп ресурс қажет болады.
Үшінші кедергі – мотивация. Өзгеріске жұмысшылардың ынталануы маңызды.
Төртінші кедергі – саяси интригалар. Бұл жерде шенеуніктер мен лауазымды тұлғалардың бизнестегі жаңашылдыққа деген көзқарасын ескеру қажет.