No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көкшетауда үш алған студент суицид жасады

26.05.2023
Жаңалықтар
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Көкшетауда әне-міне диплом алып, мұғалім болуды армандап жүрген колледж оқушысы өзіне қол салды. Емтиханнан үш алған бойжеткен ұстаздар әділетсіздік қылды деп қатты қамығыпты. Онысын анасына жазған хатында айтқан, деп хабарлайды Kazbusiness.kz КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарна хабарлауынша, жақсы оқуға тырысқанын айтқан Аяулым білімінің лайықты бағаланбағанына күйінген. Ал колледждегілер төмен бағаның бұлай қайғылы жағдайға ұласатынын әлбетте күтпеген. Олар ағылшын тілінен емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік бердік деп отыр.

Артында аңырап қалған ата-анасы мен туған-туысы Аяулымның бұндай әрекетке барғанына сене алар емес. Ағасының 16 жыл күткен сәбиінің тойында ән айтуға әзірленіп көйлегін де дайындап қойыпты. Анасы емтиханға кеткен қызы хабарласып, үш алғанын айтып жылағанда бірер сағаттан кейін мәңгі айырылып қаламын деп ойламаған. Аяулым сол күні   қала іргесіндегі үйіне келіп, қорада жас өмірін қия салған.

«Жауап берсін, менің балапанымды осындайға жеткізгені үшін. Өзөзіне қол салып, не сұмдық соншама … Бір бағаны аяды ма екен, бір бағаны. Соншама менің қызымды жек көретіндей не болды? Қалдырмаймыз, арыз жазамыз», дейді марқұмның анасы Айгүл Ахметжанова.

Марқұмның туыстары 18 жастағы қыздың өліміне колледж ұстаздарын кінәлап отыр. Бұған себеп – Аяулымның соңғы  хаты. Онда марқұм ата-анасының үмітін ақтай алмағанын, ұстаздары білімін әділ бағаламағанын жазыпты. Төрт жыл білім алған педагогика  колледждегілерге де бұл жәйт төбесінен жай түскендей әсер берген.

«Ол олай емес. Емтихан белгіленген уақытында өтті. Олар жауаптарын электронды түрде жібереді. 12 емес, 8 балл алды. Иә, 3 алғанына ренжіді. Бірақ қайта тапсыруға келістік. Қайта тапсыруға келгенде тақырып сол, бірақ тест басқа екенін көріп бас тартты. Ал костюмін шешкісі келмеді, ішінде майка ғана екен. Оған жарайды дедім», дейді колледж оқытушысы Динара Жүсіпова.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен студент қыздың қайтыс болғанын растады және осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

«Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өлімге итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, қыз өзіне-өзі қол жұмсаған және артында жазба қалдырған. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық істі тергеу жалғасуда», – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әсем Әбдірахманова.

 

Байланысты Материалдар

Каспий теңізі қара түске боялды

02.06.2023

4 млн теңге: тұңғыш рет дарынды жастарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталмақ

02.06.2023

Қай зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-дағы қаражатын ала алады?

02.06.2023

“Сол себепті халық қаладан көшіп жатыр”: екібастұздықтар суықта далада қала ма деп қорқады

02.06.2023

Қазақстан халқының саны 19 миллион 854 мың адамға жетті

02.06.2023

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстандықтар мобильді қосымша арқылы заңгерлік кеңес ала алады

28.02.2023

Елде күнбағыс майының өндірісі екі есеге өсті

22.01.2023

Тимоти Декстер қалай байыды?

21.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Каспий теңізі қара түске боялды
  • 4 млн теңге: тұңғыш рет дарынды жастарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталмақ
  • Қай зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-дағы қаражатын ала алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа