No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көксу қант зауыты қуаттылығы 200 тонна өнімге дейін артады

12.10.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Көксу ауданында соңғы 9 айда 24,2 млрд. теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді. Бұл туралы Жетісу облысының ақпараттық алаңындағы баспасөз мәслихатында аудан әкімі Мәрлен Қапашұлы мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты.

Бүгінгі күні аудандағы ауылшаруашылығының егістік көлемі 31710 гектарды құрады. Қазіргі кезде 9790 гектар дәнді дақылдар жиналып қамба 23,9 мың тонна астықпен толықты. Орташа өнімділігі гектарына 24,4 центнер құрады.

Өңірдегі негізгі табыс көзі – қант қызылшасы. Аймақта ерте көктемде 1200 га қант қызылшасы себілген болатын, қазіргі таңда тәтті түбірді жинау науқаны басталды.

Зауыт ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінен қант қызылшасын қабылдауды бастап, өңдеу жұмыстарына кірісіп кеткен екен.

«Биылғы жылы зауыт 200 мың тоннадан астам қант қызылшасын қабылдауды жоспарлап отыр. Және зауыт 1 тонна қант қызылшасын 30 мың теңгеден қабылдайды, оның сыртында қосымша тасымалдау жол ақысы төленеді»,-деп атап өтті аудан әкімі Мәрлен Көлбаев.

Айта кетейік, ауданда дәнді, жүгері, майлы дақылдар және картоп жиналып жатыр, осылайша аймақтағы егіс басындағы жұмыстар қыза түскен. .
Өнеркәсіп саласына келер болсақ, Көксу қант зауыты ағымдағы жылдың сәуір-қыркүйек айында 18 млрд. теңгеге 48 мың тонна қамыс қантын өндірген. Қазан-желтоқсан айларында қант қызылшасынан 24 мың тоннадай қантты өндеу көзделуде.

Аудан әкімінің айтуынша, майбұршақ өндейтін Уызмайиндастри зауты 4,2 млрд. теңгеге 8,6 мың тонна өнім шығарса, “Строитель” ЖШС-гі 1 млрд. теңгеге 25,6 мың тонна құрылыс материалдарын өндірді.

Шағын және орта бизнестеде дамудың оң динамикасы сақталған. Қазір ауданда осы салада 5687 адам жұмыс жасайды.

Есепті кезеңде шағын кәсіпкерлікте өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 5 млрд. 241 млн. теңгегені құрап, бюджетке 426 млн. теңге салықтық түсімдері түскен

Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында жұмысқа орналасуға ниет білдірген 1753 жұмыссыздың 1189-сі жұмысқа орналастырылды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 % құрап отыр.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

СҚО-да кәсіпкер екі жыл бойы қызметкерлеріне жалақы төлемей келген

05.12.2022

Ұлытуда бизнесті үдету керек

31.08.2022

Бюджет кірісінің қанша пайызы мұнайдан түседі?

18.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа