No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Күнделікті бюджет деген не?

10.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қаржылық сауаттылық пен Сіздің әл-ауқатыңыздың негізі – дұрыс құрылған қаржылық жоспар. Бірақ қымбат зат сатып алмай-ақ, айдың аяғында «дебет» «кредитпен» сәйкес келмей жататын жағдайлар жиі кездеседі.  Күнделікті шығындарымызды талдап көрейік. Біз көбіне ұсақ шығындарды байқамаймыз, таңертең кофе дүкенінде ішілген кофе, такси, түскі ас кезіндегі дәмді «десерт», достарымызбен жоспардан тыс кездесулер және тағы басқа. Олар бізге сезілмейді, бірақ біздің негізгі табысымызды «жейді». Бірақ тиын теңгеден құралады емес пе?

Күн сайынғы бюджет және оны қалай жүргізу керек

Ай сайын біз белгілі бір кіріс аламыз, бұл жалақы, зейнетақы, стипендия және басқа кепілдендірілген ақша түсімдері. Алайда, бұл таза табыс емес.

Коммуналдық төлемдер, азық-түлік сатып алу, дәрі-дәрмек, іссапар шығындары, кредит төлеу сияқты міндетті немесе қосымша шығындар бар.

Сіздің таза табысыңыздың қандай екенін түсіну үшін міндетті шығыстарды кірістеріңізден алып тастау керек. Содан кейін таза кірісті бір айдағы күн санына бөліңіз, сонда Сіз өзіңіздің күнделікті лимитіңіздің қандай екенін және күніне қанша ақша жұмсай алатыныңызды біле аласыз.

Мысалы, Сіздің жалақыңыз – 150 000 теңге, ал міндетті шығындарыңыз – 100 000 теңге. Таза кіріс: 50 000 теңге. Енді төтенше жағдай резервіне (қауіпсіздік жастығына) 10 000 теңге бөліп, қалған 40 000-ны бір айдағы күндер санына бөлеміз. Нәтижесінде «күннің» бюджеті 1 333 теңгені құрайды.

Егер Сіз барлық сауданы төлем картасының көмегімен жасайтын болсаңыз, онда онлайн немесе мобильдік банкингте өз шығыстарыңызға талдау жүргізе аласыз. Банктердің көптеген қосымшалары белгілі бір кезең үшін шығындардың бағыттары бойынша бөлінген үзінді-көшірме бере алады. Сіз оның көмегімен ақшаны қайда жұмсағаныңызды және жоспарланбаған шығынды біле аласыз.

Егер қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда, онда күн сайынғы бюджет кестесін жүргізіңіз. Күн сайын жасалған барлық шығысты жазып отырыңыз. Есіңізде болсын: Сіз күнделікті лимиттен аспауға тиіссіз. Егер Сіз минусқа шығатын болсаңыз, күн сайынғы сальдо плюс болмайынша ақша жұмсамаңыз не күнделікті бюджетті айдың соңына дейін қалған күндерге қысқартыңыз.

Сатып алуды сезімталдықпен жасамаңыз

Израиль-американдық психолог, Нобель сыйлығының лауреаты Даниэль Канеманның айтуынша экономика бойынша: «Адамдар екі ойлау «жүйесін» пайдаланады: тез, инстинктивті, сезімталдықпен және ақырын, терең ойланған, ұтымды».

Көбінесе біз сауданы сезімталдықпен, тез арада жасаймыз. Бірдеңе ұнап қалса немесе «қызыл» бағаны көрсек болды, осы жерден және қазір сатып алу керек.

Мағынасыз және тез арада жасалатын сатып алуларды болдырмау үшін не істеу керек?

1. «Қалдырып қою» әдісін таңдаңыз. Өзіңізге ұнаған тауарды – қараңыз, ұстап көріңіз, бірақ бірден сатып алмаңыз. Осы сатып алуды талдауға өзіңізге уақыт, бірнеше сағат немесе бір күн беріңіз. Сонда бұл заттың өзіңізге керек немесе керек еместігін түсінесіз.

2. Азық-түліктің немесе кез келген басқа да тауарлардың тізімін жасаңыз – бұл барлық қажетті затты сатып алуға және сезімталдықпен артық сауда жасамауға көмектеседі. Бірақ Сіз тізімде жоқ үш затты сатып ала аласыз. Кейде еліктіретін ұсыныстар немесе жай ғана «қызба тілектер» болады. Алайда осының алдында бірінші кеңесті пайдалануды ұмытпаңыз және сатып алу қажеттілігінің күнделікті бюджетке әсерін талдап көріңіз.

3. Дүкенге қарныңыз аш болып тұрғанда бармаңыз. Статистикаға жүгінсек, дүкенге қарны аш болып барған адам азық-түлікті жоспарлағанындай емес көп сатып алады. Оның үстіне сатып алғанның барлығын жеп тауыса алмау тәуекелі бар екенін ұмытпаңыз, бұл азық-түлігіңіз бұзылып, ақшаңыз далаға кетті деген сөз.

4. Жоғарғы және төмендегі сөрелерге назар аударыңыз. Әдетте, ортаңғы «алтын аймақтағы» сөрелерге дүкен үшін сатылуы тиімді тауарлар орналастырылады. Басқа сөрелерге де назар аударыңыз, онда осы тауарларға ұқсас, алайда бағасы арзан тауарлар таба алуыңыз мүмкін.

5. Бағаларды салыстырыңыз. Жеңілдіктер мен акцияларға үнемі сене бермеңіз. Бағасы жазылған қағазды мұқият оқыңыз. Кейбір жағдайларда көтерме бағасы үлкен қаріптермен, ал бөлшек бағасы ұсақ қаріптермен жазылып тұрады.

6. Көлікке жұмсалатын шығындарыңызды тиімді етіңіз. Кейбір жағдайларда жұмысқа немесе оқу орнына қоғамдық көлікпен жету тез де әрі арзанға түсіп жатады. Сіз осылайша жол ақысы мен уақытыңызды үнемдей аласыз. Жол ақысын үнемдеудің тағы бір жолы жұмысқа дейін көршіңізбен/әріптесіңізбен, жеке көлікпен кезектесіп күн аралатып жүру немесе шығынды бірігіп көтеру.

Күн сайынғы бюджетіңізден айнымай, қатаң ұстанып отырыңыз. Соның арқасында бірнеше айдан кейін Сіз өз шығындарыңызды есептеп, қандай шығындарды үнемдеуге болатынын түсінесіз.

Қытай даналығы айтқандай «Тауды жылжытқан адам алдымен ұсақ тастарды тасып, жылжытудан бастаған».

 

(*Авторские права)
Источник: https://fingramota.kz/kk/post/shany-ojlanyp-zhmsau-kerek-nemese-kndelikti-byudzhet-degen-ne

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Еңбекшіқазақ ауданының диқандары өнімдерін сата алмай отыр

08.09.2022

Микрокредит ерекшелігі қандай?

18.01.2023

Бизнес бастауға идея келгенде не істеу керек?

21.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа