No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Лондонда Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тау-кен әріптестігінің бағыттары талқыланды

07.07.2023
Жаңалықтар
26
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Еліміздің тау-кен өнеркәсібіне инвестиция тарту Лондонда өтіп жатқан Қазақстан-Британ бизнес форумының басты тақырыбына айналды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бейсенбі күні өткен шараға қазақстандық және британдық бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор өкілдері, сарапшылар мен дипломаттар қатысты.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ілиясов форумға қатысушыларға шетелдік инвесторларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары және ҚР экономикасына инвестициялар тартуды ынталандырудың жаңа шаралары туралы айтты.

Қазақстандық дипломат жоғары қайта өндіруге инвестиция салатын британдық компаниялар барынша қолдау алатынын атап өтті.

«Біздің мақсатымыз шикізатты жеткізу, сондай-ақ Қазақстанда дайын өнімді өндіру, бұл әрі әріптестігімізді теңдестіреді», – деді Мағжан Ілиясов.

Ол Қазақстан инвесторларды ынталандыру бойынша өңірдегі ең тартымды шараларды, соның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының платформасы аясында ашық бизнес пен кепілдіктер үшін дәлелденген платформаны ұсынып отырғанын атап өтті.

Форумның ашылуында сөз алған Ұлыбританияның бизнес және сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Гани Қазақстанның минералдық базасының британдық бизнес үшін тартымдылығын айтты.

2040 жылға қарай аккумулятор өндірісінің негізі саналатын литий, графит, кобальт және никель сияқты қатты пайдалы қазбаларға әлемдік сұраныс 13 есе өседі, ал бұл ретте Қазақстан Ұлыбританияның қажеттілігін қанағаттандыра алады.

«Біз бұл салада тамаша серіктеспіз, өйткені Ұлыбританияда әлемдегі жетекші консалтингтік компаниялар мен тұрақты тау-кен технологиялары орналасқан», – деген Нусрат Гани Қазақстанның минералды шикізаты негізінде жаңа технологияларды әзірлеуді ұсынды.

Қазақстанның Ұлттық геологиялық қызметі британдық серіктестермен еліміздің минералдық байлығын игеруді жеделдетіп, қазақстандық жер қойнауын инвестициялау әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін озық халықаралық тәжірибе алмасу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-инвестициялық әріптестіктің перспективалы бағыттарының бірі бүгінгі таңда британдық индустрияның өткір тапшылығын сезініп отырған маңызды пайдалы қазбаларды бірлесіп өндіру және өңдеу болуы мүмкін.

Олардың қатарында заманауи технологияда қолданылатын және ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық өркендеу үшін маңызды металдар мен сирек кездесетін элементтер бар.

Екі панельдік талқылау барысында форум спикерлері, олардың арасында Rio Tinto, KAZ Minerals, Ferro-Alloy Resources, Британдық геологиялық қызметтің тау-кен компанияларының басшылары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын, пайдалы қазбаларды барлау мен өндірудің ағымдағы тәжірибесін, саланы қолдау тәсілдерін және өнімді Еуропаға жеткізу бағыттарын талқылады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары Галан Ғалиев форумға қатысушыларды Қазақстанның минералдық-шикізат базасының жай-күйі, қатты пайдалы қазбалар қорларының еліміздің өңірлері бойынша бөлінуі, Ұлттық геологиялық қызметтің заңнамасы мен міндеттері туралы хабардар етті.

Наурызда Ұлыбритания парламентінің сыртқы істер комитетінің тыңдауында сөйлеген сөзінде Джефф Таунсенд Британдық депутаттарға маңызды пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастық тұрғысынан Ұлыбритания бүгінде әлемнің 5 мемлекетіне ғана сене алатынын түсіндірді, олардың арасында Қазақстан ерекше орын алады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Теңге бір аптада 1 пайызға әлсіреді

17.10.2022

1 миллион теңгемен бастауға болатын 6 кәсіп

31.12.2022

Бизнесті дамытуға арналған грантты той мен кредитке жұмсаған

03.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа