Атом электр станциясы төңірегінде қоғамда әл күнге дейін сан түрлі пікір бар. Атом станциясының радиациялық қаупі бар деп есептейтіндіктен, Қазақстанда АЭС салынбасын деп қарсылық білдіретіндер көп. “Қазақстанда АЭС не үшін салынуы керек?” деген сұрақ туындауы мүмкін. Осы орайда kazbusiness.kz ақпарат агенттігі атом электр энергетикасына қатысты «ҚАЭС» ЖШС бас директоры Тимур Жантикинмен сұхбаттасты. Ол өз сөзінде АЭС құрылысы, қауіпсіздік шаралары, әлемдік тәжірибе және осы сала бойынша маман-кадрлар даярлау мәселелері бойынша айтты.
Kazbusiness.kz: Атом электр стансасы қаншалықты қауіпсіз? Бұл АЭС салынатын аймақтың тұрғындарына кері әсерін тигізбейді ме?
Тимур Жантикин: Қорқуға болады ма, әрине, бұл қиын сұрақтың бірі. Бізде 4 елдің реакторлары қарастырылып отыр. Оны баршаңыз білесіздер. Бастапқыда алты ұсыныс болды. Соның ішінен нарықтағы жақсы деген 4 жобаны таңдап алдық. Бұл қауіпсіздік деңгейі жоғары 3, 3+ реакторлары. Сол себепті құны жағынан да қымбат. Ол жерде қауіпсіздік цистернасы реактордың бағасының жартысымен бірдей.
Жалпы айтқанда, ол жерде «ақымақтан» да қорғаныс бар. Ақымақтан қорғаныс деп қызметкердің дұрыс емес әрекет жасаған кезде де қорғаныс іске қосылады. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, реактордың қауіпсіздік деңгейі 10-6, 10-7 апат болу мүмкін екенін көрсетеді. Яғни бұл дегеніміз 10 миллионнан 1 апатты жағдай болуы мүмкін екенін білдіреді.
Kazbusiness.kz: Реакторды суытуға қатысты құралдарға кететін су мөлшеріне қатысты айтып өтсеңіз.
Тимур Жантикин: Ол жерде реакторды тікелей салқындату жоқ. Яғни су конденсаторларды салқындату қолданылады. Турбинадан жеткенше, конденсаторды салқындатып отыру қажет. Әрине, техникалық пайдалану да бар.
Мысалы, 1000-1300 мега ватт қуатындағы реакторларды алып қарайық. Қазіргі уақытта танымал реакторлардың бірі 1200 мега ватт. Ол Беларусь мемлекетіндегі атом электр стансасындағы 2-блокта іске қосылды. Яғни, Беларусь АЭС-да техникалық жағынан жылына 63 миллион куб су қолданылады.
Жыл сайын АЭС-тің 1 000 МВт жұмысы парниктік газ шығарындыларын 4 млн тоннаға дейін азайтады. Яғни, парник әсері төмендейді. АЭС құрылысы барысында жаңа жұмыс орындары ашылады. Ең бастысы, 60 жылдан астам уақыт бойы тұтынушылар сенімді, тұрақты энергиямен қамтамасыз етіледі
Бұл теориялық тұрғыдан қарастырғанда. Іске қосылған уақытта аз не көп болуы мүмкін. Бұл Балқаш көлінің булану көлемімен тең. Салыстырмалы түрде алып қарастырсақ.
Kazbusiness.kz: 1000-1200 мега ватт Алматы сынды қала халқының қажеттілігін қаншалықты жабады деп күтілуде?
Тимур Жантикин: Шыны керек, мен дәл қазіргі Алматы халқының қажеттілік, қолдану көлемін білмеймін. Негізі станса үлкен қаланың қажеттілігін жабады деп күтіледі. Біз атом электр стансасын салмаған күннін өзінде тұтынушыға әсер етеді. Себебі қазіргі уақытта электр қуатының тарифтеріне қатысты мәселе көтеріліп отыр. Осыдан 30 жыл бұрынғы тарифтер қазіргімен салыстыруға да келмейді. Одан бөлек, энергия жүйесін қолданыста ұстауға кететін шығын да жоғары.
Егер ол атом электр станцияларын генерациялау құны туралы айтатын болса, яғни атом электр станциясы болған кезде генерациялау құны ең төмен болады. Таза атом электр станциясының құны әлдеқайда жоғары.
Kazbusiness.kz: Соңғы 5-10 жыл болды бізде «русофобия» дамып келеді. Мухтар Жакишев те ресейлік өндірушілерді таңдайтынын айтты. Олар бағасы жағынан да арзан. Ендігі кезекте бізде ресей өндірісі орнатылуы мүмкін бе деген сұрақ туындайды.
Тимур Жантикин: Мүмкіндік, таңдау туралы сұрағанда 25 пайыз деп жауап беремін. Өйткені бізде қазіргі таңда келіссөз жүргізіліп жатқан 4 потенциалды поставщик бар. Жеке өзімде Ресейге қатысты болжамды қауіпті ойлар жоқ. Біз қазір түрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Әрине, арнайы критерийлер, талаптар бар. Осы дүниелерге сүйеніп қана жобаларды бағалау үстіндеміз. Сондықтан әзірге бір елге қатысты үзілді-кесілді нақты пікір айту мүмкін емес. Францияның да, Қытайдың да, Ресейдің де, Кореяның да мүмкіндігі бірдей. Себебі, әрқайсысының өзінше артықшылықтары және кемшін тұстары бар. Жалпы Корея, Франция, Қытай сынды мемлекеттер өз өнімдерін ұсынды.
Kazbusiness.kz: Мысалы, 4 мемлекеттік біреуімен ортақ келісімге келіп, жұмысты бастағандарыңызға 3 жыл болды делік. Біраз жұмыс атқарылып, қажетті құралдарды сатып алып қойдыңыздар деп қарастырайық. Осы сәтте аяқ астынан біз болжамаған бір жағдай орын алды. Осындай жағдайда басқа өндірушілерге көшу қаншалықты қаржыға салмақ түсіреді?
Тимур Жантикин: Егер біз реакторлық құралдарды айтатын болсақ, ол жерде еш нәрсе бір бірін алмастыра алмайды. Біз бір жобаны қолға алсақ, оны соңына дейін жеткізуге тырысамыз. Бұл басқа да стансаларға қатысты. Мысалы, жылу стансасы. Олар Корей мемлекетімен жұмыс істеп кетті делік. Құралдарды орната бастады. Сәйкесінше бұл құралдар басқасына сәйкес келмей қалады. Ауыстыруға тура келеді.
Kazbusiness.kz: Атом электр стансасын салуға қатысты қорнышы басым жандар туралы не айтасыз?
Тимур Жантикин: Адамдарда қорқыныш деңгейі әртүрлі болады. Қанша түсіндірсең де, түсінгісі келмейтіндер бар. Бізге келіп, сұрақ қоюшылар арасынан жауапты саралағаннан кейін ойланып қалатындары да бар. Мысалы кейбірі қауіпсіздікке қатысты сұрақ қоюы мүмкін. Осы кезекте барлығын бүге-шүгесіне дейін түсіндір береміз. Басқасы жүйеге қатысты сұрайды. Осындай жүйе деп оны да көрсетеміз. Қалдықтарға да қатысты сұрақтар туындайды. Қайда жібересіздер деген сынды. Қалдық көлемі, олармен қалай жұмыс істейді, қандай технология бар барлығын айтып береміз. Жанар-жағармайды қайда жібересіз деген сұрақ та болған. Оны өндірушіге кері қайтарамыз немесе өзімізде көміп тастаймыз. Сондай-ақ қайта өңдеуге де жіберуіміз мүмкін. Мұның барлығы біз қандай концепцияны қабылдаймыз, соған байланысты. Бұл мемлекеттік деңгейде шешілетін дүние.
АЭС құрылысының салынуында өзіндік алгоритм бар. Әуелі халықтық тыңдалым болады, содан соң техникалық экономикалық негіздемеге қатысты арнайы құжаттар ережесіне сай жүзеге асады. Яғни, аталған алгоритмде бірінші кезекте халық пікірі тұр. Бұдан АЭС-тің халық пікіріне сүйенген, халықтың ойын назарға алған объект екенін аңғаруымызға болады.
Kazbusiness.kz: Түсінгенім бойынша, біз тек өндіреміз. Сонда біз өзіміз дайын өнім шығармаймыз ба деген сұрақ туындайды.
Тимур Жантикин: Неге? Жасаймыз. Таблеткалар емес. Былтыр франуцуз технологиясы бойынша қытай реакторларына жанар жағармай жасап шығарғанбыз.
Kazbusiness.kz: Атом электр стансасын емес, уранды өндіретін болсақ Қазақстанға қаншалықты тиімді?
Біз қарастырып отырған 4 жобаның барлығында біз жанар жағармайды өзімізде өндіруге қатысты сұрақ қоямыз. Бұл жағынан француздармен жұмыс істеу жеңіл. Өйткені біз француз отынын өндіреміз.
Үлбі маталлургиялық зауытында отынды өндіруді ретке келтірдік. Кәрістермен келіссөз жүргізгенде, олар бізге отын өндіруді толық беруге дайын. Қытай да алдын ала келісім бойынша бұл өндірісті беруге әзір. Қытайлармен басқа мәселе. Себебі олардың өздерінің технологиялары шамалы ғана.
АЭС кәдімгі көмір станциясы секілді объект. Бірақ онда көмірдің орнына атом реакторы жұмыс істейді. Экологиялық тұрғыдан қарағанда әрине атом реакторы көмірге қарағанда әлдеқайда таза энергия көзі. Оның алғашқы жұмыстарын өткен ғасырымыздан бастап іске асырып келе жатыр. Сондықтан энергетика жүйесіне атом болсын, көмір болсын бірдей-ақ әсерін береді.
Біріншіден, бұл атом электр стансасының жұмысының сенімділігін қамтамасыз етеді. Яғни, отын өндіруге бағынышты болмаймыз деген мағынада.
Екіншіден, адами фактор. Барлық апат адамдардың қатуысының нәтижесінде орын алды. Сондықтан басты назар кадрларды даярлауға бөлінеді.
Үшіншіден, атом энергетикасы жасыл энергия. Себебі оның қалдықтары жоқ. Бұл тұрғыдан көмір станциялары ұтылатыны рас. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оны жаңғыртып отыруымыз керек. Өздеріңіз білетіндей уран экспорты бойынша өзге елдерді қамтамасыз етіп жатқанымыз да мәлім. Біздің ниет – көршілес елдерге өндіріп жатқан уранымызды өз пайдамызға жаратсақ деген ой.
Kazbusiness.kz: АЭС – үлкен жоба. Сәйкесінше көп маман жұмылдыралатыны сөзсіз. Атом станциясы жұмыссыздықпен күресте пайдасын береді деп ойлайсыз ба?
Тимур Жантикин: Иә, АЭС үлкен жұмыс орны десек те болады. Мәселен, Түркияда салынып жатқан атом станциясының құрылыс кезеңінде 18 000 адам жұмыс істеп жатыр. Олар білікті құрылысшы мамандар екені анық. Жоба іске асар алдында кадр мамандарын дайындау кезеңі жүзеге асқаны да хақ. Яғни, айдаладан келген мамандар емес, жергілікті білікті мамандар тартылған. Сол сияқты бізде де жоба жүзеге асуын бастаса, кадр мамандарын дайындау бағдарламасы атқарылады. Олардың ішінде өзіміздің мамандардың қатары құрылыс кезеңінде көп болатыны сөзсіз. Яғни өз еліміздің азаматтары үшін жаңа жұмыс орындары пайда болатыны анық. Артынша, бағдарламалық жоспарға сәйкес келесі мамандар дайындалады. Бұл да қазақстандық мамандармен жүзеге асатын кезең. Біздің елде білікті мамандар жетеді. Тәжірибеміз де жетеді. Оның үстіне базалық білім беріп жатқан бірнеше ЖОО-лар да бар. Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да,Ядролық физика институтында мамандар бар. Яғни бізде негізгі қажетті маманд-кадр лар бар. Ал даярлайтын ел біздің таңдауымызға тікелей байланысты. Оперативті мамандар арнайы дайындықтан және аттестациядан өтеді.
Kazbusiness.kz: АЭС құрылысы қанша уақытты алады деп жоспарлануда?
Тимур Жантикин: АЭС құрылысы жобасын іске асырудың бастапқы мерзімдеріне келетін болсақ, алдын ала болжам бойынша, 2023 жылға қарай технологиялар жеткізушісі таңдалады, 2025 жылға қарай техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптама жүргізіледі. 2025-2028 жылдары АЭС салу туралы үкімет қаулы қабылдауы қажет. 2028 жылға қарай жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді және сараптама тағайындалады. 2034 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, 2035 жылға қарай пайдалануға беріледі. 2029 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, жабдықтар жеткізіледі.