Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының (МАЭК) бірінші блогын жөндеу жұмысры аяқталды, деп хабарлады kazbusiness.kz порталы компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 9 шілде күні таңғы сағат 04.11-де блок жұмысқа қосылды. Ал түстен кейін сағат 15.25-те оның қуаты 150 МВт-қа дейін көтерілді.
“Қазіргі уақытта комбинаттың жалпы генерациясы 565 Мвт құрайды. “МАЭК” ЖШС Атырау өңіріне 36 МВт қуат бере отырып, Маңғыстау облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде”, – дейді мамандар.
Айта кетері, 3 шілдеде “МАЭК” ЖШС жылу электр станциясындағы қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт артуына байланысты 1 энергоблоктың жұмысын тоқтатуға тура келді. Одан кейін тағы тура сондай жағдай болды.