No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстау облысы: «Мен -кәсіпкермін» жобасының берері не?

13.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Маңғыстау облысында жақында «Мен – кәсіпкермін» жаңа жобасы басталуы керек. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды. Жоба арқылы Маңғыстаудың өңдеу өнеркәсібі мен бизнес саласы айтарлықтай дамиды.

 

Мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі де сол. Сондай-ақ, 2023-2026 жылдары жобамен қоса алғанда 29 кәсіпті іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Президент пайымы осындай.

 

«Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің ішкі өңірлік өнімдегі үлесі 32% жетті. Осы салада 140 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібі, туризм, сауда, сондай-ақ білім беру және медицина саласында кәсіпкерлер саны артып келеді. Демек, облыс экономикасы әртараптана бастады деуге болады. Аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға «Мен – кәсіпкермін» жобасы тың серпін берері анық», – деді Мемлекет басшысы.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаевтың айтуынша, жаңа жоба аясында грант саны артып, жеңілдетілген несие беру реттеледі.

 

«Кәсіпкерлікке оқыту қолға алынғанын да құптаймын. Біздің өңір мұнайға тәуелділіктен кетуі үшін кәсіпкерлікті дамытуымыз қажет», – дейді Рашит Мұстапаев.

 

Кәсіпкерлер жаңа жоба көмегімен көптеген түйткілді сұраққа жауап табылады деген сенімде.

 

«Талай жоба ашылды, кейбірінің пайдасы болды. Үдеден шықпағандар жабылып жатты. Біз сияқты кәсіпкерлерге ең қажеті – қаражат. Қайтырымсыз қаржы көлемін арттыруды шешсе ұтымды жоба болар еді. Кәсібін енді бастаған бизнесмендерге көп шарт қойылады. Қағазбастылықтан құтылуға көмектесетін жоба болғанын қалаймын», – дейді кәсіпкер Жәния Сыйлағанқызы.

 

Маңғыстау – географиялық тұрғыдан ұтымды жерде орналасқан өңір. Сондықтан көлік-логистикасы мен инвестициялық әлеуетті арттыру басты назарда. Алда инвестиция тартып, контейнерлік және логистикалық хаб құру көзделген.

 

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстандық «Сафаридің» келбеті тым басқа

08.07.2022

Жеке тұлғалар салық бойынша Telegram арқылы көмек ала алады

16.12.2022

Заң бұзған кәсіпкерлерге қандай шара қолданылады?

29.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа