No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаулық кәсіпкердің әділдік іздеп жүргеніне 5 жылдан асты

17.11.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының кәсіпкері Әбдірахман Сабиров 5 жылға жуық әділдік таппай шарқ ұрып жүр. Кәсіпкер 2005 жылы Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 60-шақырымынан трассадан жүк көліктерінің жүргізушілері мен жолаушыларға арналған дәмхана ашқан.

4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 2018 жылы көрші кәсіпкер оның электр желісіне қосылып, бірге пайдалануды сұрайды. “Қарсылық білдірмей, көршіні қолдаған әрекетім қиындық әкелді”, деп қиналды кәсіпкер. Көп ұзамай көрші кәсіпкер негізгі тұтынушының жарығын қиып тастаған. Содан бері электр қуатын қостыра алмай әлекке түсіп жүр. 4 жылдан астам уақыт әлімжеттік көрсетіп келген іскерге қатысты әділдік сұрайды.

“Көрші кәсіпкер бірінші менің тұтынып отырған желіме қосылды. Сөйтіп мені далада қалдырып отыр. 4 жылдан асты қақпаған есігім, бармаған құзырлы орган қалмады. Алған жауаптарым біреу – сотқа жүгіну керек. Сотқа бергенімде істі көршімнің пайдасына шешіп берді. Мен сот шешімімен келіспеймін. Жағдайды толық зерттемей, атүсті шешім шығарды. Қарсы жақтың құжаттары жалған екенін ескермеді. Барлығы өткен мерзіммен толтырылған. Оған дәлелім де бар. Маған әділдіген шешіп, дәмханама жарық қосып беруді сұраймын”,- дейді Әбдірахман Сабиров.

Кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғау, мемлекеттік органдар тарапынан бизнес өкілдеріне келтірілген әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу бағытында Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Қайрат Бәйгебаев мәселені оңтайлы шешу үшін тараптарды дөңгелек үстел басына жинауды ұйғарды.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері кәсіпкерге жоғары сатылы сотқа жүгінуіне кеңес берді. Әрі онда заңды өкіл ретінде қатысып, қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

eOtinish – мемлекеттік органдарға өтініш берудің оңай жолы

27.02.2023

Boston comfort house тұрғын үй кешенінде коммуналдық қызметке қатысты дау туындады

05.12.2022

Шымкентте мақта өңдейтін цех өртеніп кетті

20.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа