No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаулық кәсіпкердің әділдік іздеп жүргеніне 5 жылдан асты

17.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының кәсіпкері Әбдірахман Сабиров 5 жылға жуық әділдік таппай шарқ ұрып жүр. Кәсіпкер 2005 жылы Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 60-шақырымынан трассадан жүк көліктерінің жүргізушілері мен жолаушыларға арналған дәмхана ашқан.

4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 2018 жылы көрші кәсіпкер оның электр желісіне қосылып, бірге пайдалануды сұрайды. «Қарсылық білдірмей, көршіні қолдаған әрекетім қиындық әкелді», деп қиналды кәсіпкер. Көп ұзамай көрші кәсіпкер негізгі тұтынушының жарығын қиып тастаған. Содан бері электр қуатын қостыра алмай әлекке түсіп жүр. 4 жылдан астам уақыт әлімжеттік көрсетіп келген іскерге қатысты әділдік сұрайды.

«Көрші кәсіпкер бірінші менің тұтынып отырған желіме қосылды. Сөйтіп мені далада қалдырып отыр. 4 жылдан асты қақпаған есігім, бармаған құзырлы орган қалмады. Алған жауаптарым біреу — сотқа жүгіну керек. Сотқа бергенімде істі көршімнің пайдасына шешіп берді. Мен сот шешімімен келіспеймін. Жағдайды толық зерттемей, атүсті шешім шығарды. Қарсы жақтың құжаттары жалған екенін ескермеді. Барлығы өткен мерзіммен толтырылған. Оған дәлелім де бар. Маған әділдіген шешіп, дәмханама жарық қосып беруді сұраймын»,- дейді Әбдірахман Сабиров.

Кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғау, мемлекеттік органдар тарапынан бизнес өкілдеріне келтірілген әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу бағытында Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Қайрат Бәйгебаев мәселені оңтайлы шешу үшін тараптарды дөңгелек үстел басына жинауды ұйғарды.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері кәсіпкерге жоғары сатылы сотқа жүгінуіне кеңес берді. Әрі онда заңды өкіл ретінде қатысып, қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Бензин мен дизель: қанша уақытқа жетеді?

23.08.2022

Қарағандылық бизнесмендер кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында тегін қызмет ала алады

23.01.2023

Zara брендінің негізін қалаушы: жалдамалы жұмысшыдан бизнесменге дейін

31.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа