No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаулық кәсіпкерлер “ҚазТрансГазАймақ” компаниясына наразы

Маңғыстау облысында бизнес нысандар мен тұрғын үйлерге газ желісін тартумен айналысатын кәсіпкерлер "ҚазТрансГазАймақ" АҚ жұмысына риза емес, деп хабарлайды kazbusiness.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

23.10.2022
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Компанияның Маңғыстау облысындағы филиалы нысандарға газ қосу үшін рұқсат беретін 4 құжаттың орнына 15-ін талап етіп, іскерлерді әуре-сарсаңға салуын тоқтатар емес. Қағазбастылықтан шаршаған іскерлер заңмен белгіленген 4 құжат еліміздің басқа өңірлерінде жарамды болса да, неге Маңғыстауға жарамсыз екенін түсінбей дал. “ҚазТрансГазАймақ” АҚ-ның Маңғыстау өндірістік филиалы заңда көзделмеген құжаттарды, атап айтқанда, өтініш берушінің құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне тіркелген объектіні пайдалануға қабылдау актісін, газ тарату желілері мен газ тұтыну жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шартын және т.б. қосымша 11 құжатты талап етуде. Соның салдарынан дайын тұрған нысандарды тапсыру кешіктірілуде екен.

 

 

 

“Компания өз құқықтарын асыра пайдаланып отыр. Олар халыққа емес, керісінше халық компанияға жұмыс істеп кетті. Бір Қазақстанның ішінде ортақ заң әртүрлі орындала ма? Мәселен, Түркістан облысында 4-ақ құжатпен газ желісі қосылып келеді. Бюракратиядан қашан арыламыз? Президент айтқан Жаңа Қазақстан қалай құрылады? Жүйенің бәрі ескіше күйде тұр. Компанияға барсақ, орталық аппарат шешеді деп шығарып салады. Ештеңе шешпейтін болса, Маңғыстауға филиалын ашып не қажеті бар? Қабылданатын құжат санын қысқартып, артық талаптарды алып тастауын сұраймыз. Бұл бизнеске де, халыққа да тиімді”, – дейді кәсіпкерлердің заңгері Ерғали Жәнібеков.

 

“ҚазТрансГазАймақ” АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы өкілдерінің айтар өз уәжі бар.

 

“Бізде нысан аяқталғанға дейін және кейін газ тарту үшін екі түрлі құжаттар жиналады. Қолданыстағы заңмен қатар компанияның ішкі бұйрықтары да бар екенін ескеру керек. Бізге бизнес өкілдері бірнеше рет хабарласты, бәрін түсіндіріп бердік. Бірақ ортақ мәмілеге келе алмай қойдық. Кәсіпкерлердің мақсаты – нысанды тезірек тапсыру болса, біздің міндетіміз –қауіпсіздікке жауап беру. Бұл жерде мақсат-міндеттер қайшылығы болып тұр. Осы туралы екі іс сотта қаралды, тағы біреуі сотқа берілді. Газ тасымалдаушы компания болғандықтан талаптарымыз күшейген”, – дейді компания өкілдері.

 

Бұл мәселе үлкен талқыға түсті. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ерлан Қосжановтың айтуынша, кәсіпкерлердің арызы бойынша аталмыш компанияға жоспардан тыс үш рет тексеру жүргізілді. Заңбұзушылықтар анықталып, оларға қатысты екі нұсқама енгізілді. Соның негізінде іргелі компанияға 20 млн теңге айыппұл да салынған. Нұсқамалар мен айыппұл хаттамасы заңды күшіне енген жоқ. Өйткені “ҚазТрансГазАймақ” компаниясы құзырлы органның іс-әрекетіне талап арызбен сотқа жүгінген.Сот процесі барысында шығарылған құжаттардың орындалуы уақытша тоқтайды. Енді мәселенің нүктесін сот қоймақ.

 

 “Дөңгелек үстел басына тараптарды түгел жинадық. Ашық талқылау болды. Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы “ҚазТрансГазАймақ” АҚ-ның өңірлік өндірістік филиалының қызметіне талдау жүргізеді. Нәтижелері бойынша “Атамекен” ҚР ҰКП-ның орталық аппаратына жолдаймыз. Осы мәселені республикалық кеңесте қарау үшін материалдар жіберу туралы ұсыныс қабылданды”, – дейді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Әмірғали Жанаев.

 

Бір топ кәсіпкер газ желісін қосу кезінде “ҚазТрансГазАймақтың” артық құжаттарды талап етуін тоқтатпайынша шағымдануды жалғастыра беретіндерін ашық айтты.

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Home Credit Bank” АҚ биыл шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банкті іске қосады

19.01.2023
фото: ашық дереккөз

Орман өртінен қаза тапқан қызметкерлер отбасына қанша жәрдемақы төленеді?

14.08.2023

Шымкентте есірткі сатумен айналысқан экс-медбике ұсталды

27.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа