No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Маңғыстаулық кәсіпкерлер «ҚазТрансГазАймақ» компаниясына наразы

Маңғыстау облысында бизнес нысандар мен тұрғын үйлерге газ желісін тартумен айналысатын кәсіпкерлер "ҚазТрансГазАймақ" АҚ жұмысына риза емес, деп хабарлайды kazbusiness.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

23.10.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Компанияның Маңғыстау облысындағы филиалы нысандарға газ қосу үшін рұқсат беретін 4 құжаттың орнына 15-ін талап етіп, іскерлерді әуре-сарсаңға салуын тоқтатар емес. Қағазбастылықтан шаршаған іскерлер заңмен белгіленген 4 құжат еліміздің басқа өңірлерінде жарамды болса да, неге Маңғыстауға жарамсыз екенін түсінбей дал. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Маңғыстау өндірістік филиалы заңда көзделмеген құжаттарды, атап айтқанда, өтініш берушінің құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне тіркелген объектіні пайдалануға қабылдау актісін, газ тарату желілері мен газ тұтыну жабдықтарына техникалық қызмет көрсету шартын және т.б. қосымша 11 құжатты талап етуде. Соның салдарынан дайын тұрған нысандарды тапсыру кешіктірілуде екен.

 

 

 

«Компания өз құқықтарын асыра пайдаланып отыр. Олар халыққа емес, керісінше халық компанияға жұмыс істеп кетті. Бір Қазақстанның ішінде ортақ заң әртүрлі орындала ма? Мәселен, Түркістан облысында 4-ақ құжатпен газ желісі қосылып келеді. Бюракратиядан қашан арыламыз? Президент айтқан Жаңа Қазақстан қалай құрылады? Жүйенің бәрі ескіше күйде тұр. Компанияға барсақ, орталық аппарат шешеді деп шығарып салады. Ештеңе шешпейтін болса, Маңғыстауға филиалын ашып не қажеті бар? Қабылданатын құжат санын қысқартып, артық талаптарды алып тастауын сұраймыз. Бұл бизнеске де, халыққа да тиімді», – дейді кәсіпкерлердің заңгері Ерғали Жәнібеков.

 

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы өкілдерінің айтар өз уәжі бар.

 

«Бізде нысан аяқталғанға дейін және кейін газ тарту үшін екі түрлі құжаттар жиналады. Қолданыстағы заңмен қатар компанияның ішкі бұйрықтары да бар екенін ескеру керек. Бізге бизнес өкілдері бірнеше рет хабарласты, бәрін түсіндіріп бердік. Бірақ ортақ мәмілеге келе алмай қойдық. Кәсіпкерлердің мақсаты – нысанды тезірек тапсыру болса, біздің міндетіміз –қауіпсіздікке жауап беру. Бұл жерде мақсат-міндеттер қайшылығы болып тұр. Осы туралы екі іс сотта қаралды, тағы біреуі сотқа берілді. Газ тасымалдаушы компания болғандықтан талаптарымыз күшейген», – дейді компания өкілдері.

 

Бұл мәселе үлкен талқыға түсті. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ерлан Қосжановтың айтуынша, кәсіпкерлердің арызы бойынша аталмыш компанияға жоспардан тыс үш рет тексеру жүргізілді. Заңбұзушылықтар анықталып, оларға қатысты екі нұсқама енгізілді. Соның негізінде іргелі компанияға 20 млн теңге айыппұл да салынған. Нұсқамалар мен айыппұл хаттамасы заңды күшіне енген жоқ. Өйткені «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы құзырлы органның іс-әрекетіне талап арызбен сотқа жүгінген.Сот процесі барысында шығарылған құжаттардың орындалуы уақытша тоқтайды. Енді мәселенің нүктесін сот қоймақ.

 

 «Дөңгелек үстел басына тараптарды түгел жинадық. Ашық талқылау болды. Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның өңірлік өндірістік филиалының қызметіне талдау жүргізеді. Нәтижелері бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП-ның орталық аппаратына жолдаймыз. Осы мәселені республикалық кеңесте қарау үшін материалдар жіберу туралы ұсыныс қабылданды», – дейді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Әмірғали Жанаев.

 

Бір топ кәсіпкер газ желісін қосу кезінде «ҚазТрансГазАймақтың» артық құжаттарды талап етуін тоқтатпайынша шағымдануды жалғастыра беретіндерін ашық айтты.

 

 

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Доллар бағасы түсті

02.07.2022

Jusan Bank кәсіпкерлер арасында микроавтобус ойнатуда

22.11.2022

Доллар шамамен 8 теңгеге төмендеді

24.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа