No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты: Мақталы өңірде бірде-бір тоқыма фабрикасы жоқ

Депутат мақта шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлады "Информбюро" .

26.10.2022
Жаңалықтар
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мәжіліс депутаты Қайнар Абасов үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында Түркістан облысындағы мақташылардың мәселелерін жеткізді. Оның айтуынша, бұл аймақтағы 1 миллион халықтың тұрмыс-тіршілігі мақта өндірісіне тікелей байланысты. Дегенмен, шаруалар мақта өнімін сата алмай, қарызға батып отыр.

«Өнімнің басым бөлігі делдалдар арқылы экспортқа шығарылады, ал импорттаушы елдерде (Еуропа, Түркия) энергия бағасының күрт өсуіне байланысты мақта талшығын өңдеудің өзіндік құны едәуір өскендіктен мақта талшығына сұраныс күрт төмендеді. Бұл жай біздің экономикамыздың сыртқы факторларға тәуелділігін тағы да көрсетіп отыр», – деді Қайнар Абасов.

Оның айтуынша, Қазақстанда мақта егетін аймақта бірде-бір тоқыма фабрикасы жоқ.

«Көрші мемлекеттің әр облысында бірнеше мақта тоқыма фабрикалары бар, сондықтан ол жерде мақта бағасымен және оны сатумен проблема жоқ», – деген депутат Қазақстанда мақта шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Ол мақтаның сапасын жақсартып, оны әлемдік нарыққа шығару үшін маңызды. Бағдарламаны әзірлеуге жергілікті атқарушы органдар мен мақта өндірушілері тартылуы тиіс.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда темір өндірісі құлдырады

20.12.2022

Жамбыл облысында алтын-күміске толы 8 сөмке тәркіленді

22.01.2023

Ақмола облысында тігін кәсіпорындары жабылуы мүмкін

10.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа