No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік органдар отандық органикалық өнімді ҚХР нарығына шығаруға қолдау білдірді 

Отандық органикалық өнімдерді Қытай нарығына шығарудың маңызы зор. Мұндай экспорттан барлық тарап ұпайсыз қалмайды. Тек еліміздің мемлекеттік органдары қытайлық үкіметпен келіссөз жүргізіп, құжат жүзінде реттеп беруі керек. Осы мәселе бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды.

01.07.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Жиынға Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция, Сыртқы істер министрлігі, QazTrade АҚ және бизнес өкілдері қатысты.

Ұлттық палата Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев органикалық өнімнің Қытай нарығына шығарудың әлеуеті зор екенін атап өтті.

«Соңғы айларда болған оқиғалар өнімді алысқа экспорттаудың тиімсіз екенін көрсетті. Себебі логистика, төлем және басқа да проблемалар туындады. Қытайға органикалық өнімді экспорттауға дайын кәсіпкерлер бар. Қазір біз шығарып жатқан және экспорттап жатқан көлем аз, бірақ болашақта әлеуеті зор болады. Сондықтан мүмкіндікті жіберіп алмау керек. Бұл саудадан ешкім ұтылмайды», – деді Ербол Есенеев.

QazTrade АҚ Зерттеу және консалтинг департаментінің директоры Өжет Шегірбаев мемлекеттік органдар шетелдік үкіметпен келіссөз жүргізіп берсе, компания мемлекеттік қолдаудың операторы ретінде әрекет етуге дайын екенін атап өтті.

«2019 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін қытайлық тараппен ешбір меморандум жасалмаған. Алдымен Қазақстанның АШМ және ҚХР Мемлекеттік кеден басқармасы меморандумға қол қою керек. Содан кейін Қытай нарығына шығатын жол ашылады. Сөйтіп АШМ қандай өнімдер экспортталатынын Сыртқы істер министрлігі арқылы Қытайға жібереді. Сол себепті мемлекеттік органдардың белсенді қызметі керек», – деді Өжет Шегірбаев.

Сонымен қатар, Qazaq Оrganic Union одағының директоры Арсен Керімбеков жақында Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасы (ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасарының 25.05.2022 жылғы 17-13/2738 тапсырмасы) шығатынын айтты.

ҚР СІМ Азия және Тынық мұхит аймағы департаменті ҚХР басқармасының басшысы Алмас Сейтақынов салалық мемлекеттік органдармен бірлесе, үнемі негізде отандық өнімдерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР нарығына шығуда қызмет атқарып жатқанын айтып, салалық ведомство ретінде келіссөздер ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.

«Қытай нарығына дәл осы өнімді экспорттау өзекті. Оның үстінде қазіргі әлемдік дағдарыс кезінде маңызы зор. Сыртқы саяси ведомство ретінде онлайн-офлайн кездесу ұйымдастыруға дайынбыз», – деп қолдады Алмас Сейітақынов.

Ербол Есенеев жиынды қорытындылай келе, алдағы уақытта жүзбе-жүз кездесіп, мәселені нақтырақ талқылауды ұсынды.

«Біз ұсыныстарымыздың жобасын жолдаймыз. Сіздердің тарапыңыздан қарастырып, қолдау сұраймыз», – деді Ұлттық палата өкілі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Мүлік салығы: 2021 жылдың салығын әлі 1.8 млн адам төлемеген

15.09.2022

Қаржы пирамидаларын қалай ажыратамыз – 10 кеңес

22.07.2022

Қарадала жерінде «Алтын фрукт» табиғи шырыны өндіріледі

16.06.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа