Су сүзгілерін шығаратын технологиялық компанияның сарапшы-биохимигі Мария Кулешова су туралы танымал мифтің өтірік-шынын айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz TengriLife-ке сілтеме жасап.
“Көбінесе миф жақтастары неге тамақтану кезінде су ішуге болмайды десең, “су асқазан сөлін ас қорыту ферменттерімен сұйылтып, қышқылдықтың төмендеуіне және ас қорыту процесінің нашарлауына ықпал етеді” деп түсіндіреді. Алайда бүгінге дейін оны дәлелдейтін бірде-біре зерттеулер мен дәлелдер жоқ”, – дейді маман.
Сарапшының айтуынша, асқазан сөлін сұйылту туралы миф қарапайым 2 фактімен бұзылады: тамақ құрамының да, асқазан сөлінің де ішінде су болады.
Бір литр асқазан сөлінде 995 миллилитр су бар. Асқазан қажетті деңгейге жеткенше рН тұз қышқылын шығарады. Сонымен қатар көптеген тағамдарда сұйықтықтың көп мөлшері болады.
Маман айтуынша, тамақтану кезінде су ішуге болады, бірақ құрамында қанттың көп мөлшері бар газдалған сусын ішпеген дұрыс.
“Су, шай және кофе арасында үлкен айырмашылық жоқ. Бірақ соңғы екі сусын метеоризмді тудыруы мүмкін”, – деп түсіндірді М.Кулешова.