Жамбыл облысындағы спорт мекемелеріне жүргізілген аудиторлық тексеріс бірқатар қаржылық былықтың бетін ашты. Мәселен, «Тараз» футбол клубы бақандай 610 млн теңгені негізсіз жаратқан.
Кәсіпқой клуб 2020-шы жылы 5 млн теңгелік сыйақыны 39 қызметкерге заңсыз үлестіріп берген. Мұнан өзге Түркиядағы оқу-жаттығуға жұмсалған 20 млн теңгенің қаржылық құжаты жоқ.
Нақтысы легионерлермен ұшып-келу және қажетті шығындарға келісім-шарт жасалмаған, – дейді тексеру комиссиясы. Аудиторлық тексеріс клубтың 422 млн теңге көлемінде салық берешегі барын айтады.