No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мобильді аударымдардың нәтижесінде 7 мың адам кәсіпкер ретінде танылды

​Бұл Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған деректер, деп хабарлайды kazbusiness.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

15.05.2023
Жаңалықтар
63
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2022 жылдың 15 сәуірінен бастап Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері бар қазақстандықтардың мобильді аударымдарын қадағалау туралы бұйрық қолданысқа енген. Тексерудің бірінші кезеңінде мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары қаралуы қажет. Құжатқа сәйкес, бір жеке тұлғаның қатарынан үш ай ішінде 100 және одан да көп тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына ақша аударылуы тексеруге жатады.

Осыған орай, БАҚ өкілдері Мемлекеттік кірістер комитетіне “заң жобасы қабылданған 1 жыл ішінде банктер мемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайларының кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны туралы қанша мәліметпен бөлісті” деп сұрау жолдаған. Оған мекеме келесідей жауап берді:

“Бақылауды жүзеге асыру барысында екінші деңгейлі банктерге сұрау жіберілді. Банктерден алынған мәлімет бойынша және талдау қорытындылары бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілері бар тұлғалар бойынша камералдық бақылау шаралары қабылданатын болады”, – делінген ресми жауапта.

Яғни банктердің мәліметі берілгенше, әзірге тексерудің бірінші кезеңі жүзеге аспайды.

Ал “жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей табыс тауып жүрген адамдарды қаншасы бақылау арқылы анықталды” деген сауалға Мемлекеттік кірістер комитеті 7 мыңнан астам адам есепке қойылғанын мәлімдеді.

“2022 жылдың қорытындысы бойынша 7819 жеке тұлға есепке қойылды. БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлеуге 3358 адам міндеттелді. 893 азамат 24,8 млн теңге сомасына ЖТС (жеке табыс салығы) бойынша декларация тапсырды. Өз кезегінде, сауда нарықтарында тиісті тіркеусіз қызметті жүзеге асыру фактілерін болдырмау мақсатында 526 базармен меморандум жасалып, оған сәйкес базар әкімшіліктері тек тіркеуі бар салық төлеушілер үшін сауда нүктелерін орналастыруға міндеттелді”, – делінген жауапта.

Мемлекеттік кірістер комитеті Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, келесі шарттардың біріне сәйкес келетін тұлғалардың жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуі керек екенін де еске салды. ЖК ретінде тіркелу міндетті тұлғалар:  жалдамалы жұмысшылардың еңбегін тұрақты негізде пайдаланады; жеке кәсіпкерліктен жылдық табысы 12 еселенген ЕТЖ-дан (ең төменгі жалақы) асады. Сондай-ақ салық кодексі салық міндеттемелерін орындаудың өзге де тәсілдерін, оның ішінде БЖТ төлеу не ЖТС бойынша жыл сайынғы декларацияны ұсыну жолымен көздейтіні хабарланды.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкерлерді онлайн сауалнамадан өтуге шақырамыз!

27.02.2023

Әлихан Смайылов дизель отыны төңірегіндегі жағдайды шешуді тапсырды

16.08.2022

Ақсу өңірінде ірімшік зауыты мен тауарлы сүт фермасы салынады

02.07.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа