No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мүгедектігі бар азаматтарға жұмыс табу жолдары қандай?

31.12.2022
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Электрон еңбек биржасы

Мүгедектігі бар азаматтарға жұмыс табудың ең қарапайым жолының бірі – электрон еңбек биржасынан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің enbek.kz сайтынан бос жұмыс орындарын іздеу. Мұнда мүгедектігі бар азаматтарға арналған бөлек бет бар. Сайтта түйіндемеңізді жариялауға, «Жеке кабинет» ашуға, жұмыс берушілерге өтініш қалдыруыңызға болады.

Дәл қазіргі уақытта электрон еңбек биржасында осы санаттағы адамдар үшін барлық облыс бойынша 1098 хабарландыру, 5644 бос орын жарияланған. Сайтта сүзгінің түрлі функциясын қолданып, өзіңізге қолайлы нұсқасын табуыңызға болады. Мысалы, толық емес жұмыс күні, қашықтан жұмыс істеу, аусымды, уақытша, тұрақты деген сияқты нюанстарды ескеріп, бос жұмыс орындарына сүзгі жасай аласыз. Сонымен қатар ұсынатын айлықтың төмен-жоғары көрсеткіші бойынша да іріктеуіңізге болады.

Электрон еңбек биржасында Skills Enbek бөлімі бар. Мұнда түрлі курс, еңбек нарығында құндылығын арттырғысы келетіндерге арналған тегін, промо сабақтар бар. Кез келген қолданушы сайтқа тіркелгеннен кейін курстарды қарап, білім ала алады. Сондай-ақ платформада «Үздік 100 кәсіптің» тізімі берілген.

Жұмыспен қамту орталықтары

Тағы бір нұсқа – жергілікті атқарушы органның Жұмыспен қамту орталығына хабарласу. Орталықтарда осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастырумен айналысатын бөлім бар. Олар мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуды мына жолдармен қамтамасыз етеді:

  • қызмет орындарының жалпы санының 3% мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту;
  • жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру;
  • арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру;
  • мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары арқылы.

Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi. Ұзақтығы кемінде күнтізбелік 6 күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi.  Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік бойынша келісімімен, оның денсаулығына мұндай режим тыйым салынбаған жағдайда жіберіледі.

Еңбек келісімшартын жасаудан және қызметін өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуға тиіс. Егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.

Мүгедектігі бар азаматтар үшін жұмыс орындарына квота

«Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның 9-бабының 6-тармақшасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиян, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

Квотаны жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің тізімдік саны бар ұйымдарға белгілейді:

  • 50-ден 100 адамға дейін – қызметкерлердің тізімдегі санының 2% мөлшерінде;
  • 101-ден 250 адамға дейін – қызметкерлердің тізімдегі санының 3% мөлшерінде;
  • 251 адамнан жоғары – қызметкерлердің тізімдегі санының 4% мөлшерінде.

Бірақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, қызметкерлердің орташа жылдық саны 20%-дан астамы мүгедектігі бар адамды құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектер болмаған кезде, бұндай елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

Бұл квота зейнеткерлік жастағы адамдарға қолданылмайды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде мүгедектігі бар тұлғалар халықтың басқа да осал топтарымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарынан басым тәртіппен өтуге, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға, бизнес-идеяларды іске асыруға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеусіз негізде микрокредиттер мен гранттар алуға, сондай-ақ қоғамдық, әлеуметтік, бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға құқылы.

Егер азаматтың бағдарламаға қатысуға ниеті болса, тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру қажет немесе «Электрон еңбек биржасы» порталына жүгінуі қажет.

Сонымен қатар І және ІІ топтағы мүгедектер мен мүгедек-балаларға білім саласы бойынша 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған.

Egov.kz

Азамат Еgov.kz электрон үкімет порталына жұмыс іздеуші ретінде де тіркеле алады.

Ол үшін сайттағы «Жұмыс іздеушілерді тіркеу» қызметін пайдалану керек.

Қызметке тапсырыс беру барысында жұмыс іздеуші 3 кезеңнен өтеді:

1) жеке ақпарат беру;

2) өтінішті толтыру;

3) қызметке қол қою.

Өтініш сәтті жолданғанының белгісі ретінде жеке кабинетіңізге хабарлама келеді.

Бос жұмыс орындарын жариялайтын өзге де сайттар

Кейбірінде мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы бөлімі болмаса да, қолданушы бұл сайттардан да өзіне сай келетін жұмысты таба алады. Әрқайсының жұмыс істеу алгоритімі әртүрлі.

Дегенмен сүзгі жасау функциялары ұқсас. Соған байланысты азамат өзіне қолайлы нұсқаны іздеп көре алады:

  • Hh.kz
  • Market.kz
  • Jumys.sitcen.kz
  • Zarplata.kz
  • Jooble
  • Qyzmet.kz
  • Joblab.kz
  • Olx.kz
  • Naimi.kz

 

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

27.08.2022

Облыстық кәсіпкерлер палатасы қандай қызмет көрсетілетінін білесіз бе?

15.08.2022

Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу рәсімі автоматтандырылады

11.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа