No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мультимиллионер Мэнни Хошбин ұсынған жетістіктің 5 құпиясы

12.12.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мэнни Хошбин – мультимиллионер, калифорниялық жылжымайтын мүлік магнаты. Оның жетістікке жету жолы 14 жасында басталған. Осы кезде ата-анасымен бірге Мэнни Хошбин Ирандағы азамат соғысынан қашып, АҚШ-қа қоныс аударады. Оның өмірі жаңа мекенде жаңаша басталды. Бастапқы уақытта пәтер жалдағанға дейін поезд вагондарында ұйықтағанын ол жасырмай айтады. АҚШ-та кедейлікке тап болған Хошбин табыс табуға кіріседі. Асқан қиындықпен жасөспірім супермаркет конвейеріне жұмысқа орналасады. 

Қиялдаудан қорықпа

Ол қандай жағдай болмасын қаржылық жағынан тәуелсіз болуды мақсат етеді. Бұл жолда ол ерінбей еңбек етеді. Еңбекқор жасөспірім осылайша шина шығаратын компанияның үздік қызметкері атанады. Өзінің алғашқы 100 долларын конвертке салып, жинай бастайды. Осылайша бір жылдан соң ол өзінің алғашқы «Хондасын» сатып алады.

Жетістікке жетпей тұрып Мэнни бірнеше сәтсіз кәсіптерді бастап көреді. Өз жанына жақын істі бастамас бұрын көлігінде қонуға да тура келген.

Хошбин жылжымайтын мүлік бойынша коммерциялық лицензия алып, несиелік офицер атанады. Бұдан соң банкке тиесілі объектілерге бағытталған ипотекалық компания ашуды қолға алады.

Мэнни Хошбиннің жетістікке жету жолы осы еді. Бүгінде ол бірнеше гипер-карлардың иесі.

Жалғыз жұлдыз

Әрбір жетістіктің тарихында жолды жарықтандырып тұратын жалғыз жұлдыз болады. Бұл жұлдыз адамды болашаққа жетелеп, мақсатына жеткізеді. Алғашқы миллионға жету жолында Мэнни ешқашан берілмеу керектігін түсінеді. Осының арқасында ол өзінің және отбасының жарқын болашағын жасай алды.

Оның жары Лейла Милани – Торонтолық модель және кино әртісі. Бақыттың жұптың 2 баласы бар:  Присцилла мен Энцо-паша.

Мэннидің күн жоспары

Мэнни ерте тұруды дұрыс деп санайды. Оның жұмыс күні таңғы 04:30-да поштаны қараудан және нарықты зерттеуден басталады. Бұдан соң әлеуметтік желі арқылы өзгелермен әңгіме-дүкен құрады. Ол әдетте өз жазылушыларына жетістікке жетудің құпиялары мен кеңестерін береді.

Ол 10 миллион доллардан тұратын жылжымайтын мүлік портфелін құру жайлы кітаптың авторы. Кітапта жылжымайтын мүлік индустриясы мен стратегиялары жайлы толық ақпарат берілген. Мэнни Хошбиннің өмірбаяны көптеген жас кәсіпкерлер үшін үлгі. Кәсіпкердің айтуы бойынша «Сіз таңертең қандай көңіл-күймен оянатыныңыз маңызды. Көңіл-күйіңіз болмаса, жаттығу жасаңыз, салқын суға шомылып сергіп, музыка тыңдаңыз. Себебі таңды қалай бастасаңыз, күніңіз де солай жалғасады».

Жетістіктің 5 құпиясы

Дәл, анық шешім қабылдау. Жетістікке жету үшін нақ және дәл шешім қабылдаңыз. Өзіңізді  алда немен айналысатыныңызды шешіп, 10-15 жылдан қай жерде болатыныңызды анықтаңыз.

Жоспар құр. Жетістікке жету үшін сіз жоспар құрып үйренуіңіз керек. Себебі А нүктесінен В нүктесіне ешқандай арифметикалық амалсыз жете алмайсыз ғой.

Демалыс жасаңыз. Мэнни әрбір дүйсенбі күні демалыс жариялайды. Бұл өзінің жоспарының орындалуы мен істелінген әрекеттерді саралау үшін қажет.

Жаңа нәрсені үйренуге тырысыңыз. Әрқашан даму және өзіңізді жетілдіру сізді алға жетелейтін баспалдақты құрайды. Қоршаған ортаның қолдауын бағала, бұл саған күш пен жігер сыйлайды.

Ешқашан берілмеңіз! Барлығы қиындап, алдыңызда мәселе туындағанда ісіңізді тастап кетпеңіз. Мэннидің айтуы бойынша, бұндай кезде арманыңыздың басталған күнін еске алыңыз. Бұл сізді қайта жігерлендіреді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ақшаны қателесіп басқа біреуге аударып жіберген жағдайда не істеу керек?

09.01.2023

Тоқаев Түркия президенті Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

28.06.2023

Born Nomad байқауының жеңімпазына Ұлттық палата тарапынан 1 млн теңге табысталды

15.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа