No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Наурыз айынан бастап жастарға жеңілдетілген микронесие беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі жастарға арналған микронесие беру бағдарламасы наурыз айында басталатынын айтты, деп хабарлайды kazbusiness inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

23.02.2023
Жаңалықтар
67
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев жастарға арналған 2,5 пайыздық микронесие беру бағдарламасы наурыз айында басталатынын айтты.

«Бағдарлама наурыз айында басталады. Қазіргі кезде әкімдіктермен келісімшартқа қол қою процесі жүргізілуде», — деді вице-министр.

Сондай-ақ О.Ордабаевтың айтуынша, микронесиелеу бағдарламасына 29 млрд теңге бөлінген.

«Бұл 5,8 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Қарыздың ең жоғары сомасы – 5 млн теңге. Несиелеу мерзімі кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін болуы мүмкін. Мал шаруашылығы үшін 7 жылға дейін болады», — деп атап өтті ол.

ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Айжан Жапалбаеваның сөзінше, кепілдікке жылжымайтын мүлік пен арнайы техника қойылады.

Айта кеткен жөн, жыл басында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға жеңілдетілген микронесие беру қағидасын бекіткен. Аталмыш бағдарлама 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде іске асады.

Қағидаларда кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде микронесие беру көзделген. Микронесиелер  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін болады.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жинаған ақшаңызды қалай сақтандыруға болады?

23.01.2023

Америкалық шикізаттың баррелі 86 долларға арзандады

07.09.2022

Түркияда қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков жерленді

13.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа