No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Несие алу қиындай түседі: микроқаржы ұйымдарының жұмысына өзгеріс енгізіледі

17.09.2022
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Микроқаржылық ұйымдардың қызметі бойынша түзетулер жобасы қоғамдық талқылау үшін НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Inbusiness.kz ақпарат агенттігі жариялаған ақпаратқа сәйкес, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредиттік ұйымдардың жұмыс ережелерін өзгертеді.

Жаңа талаптарға зер салсақ, енді несие алу да, беру де қиындай түсуі мүмкін.

Қарыз алушылар үшін қандай шарттар өзгермек?

Бүгінгі таңда микроқаржылық ұйымдар клиенттердің несиені төлеу қабілетін өз қалаулары бойынша бағалайды. Нақтырақ айтқанда болашақ қарыз алушының борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) әр ұйымда дербес әдіс арқылы есептеледі. Болашақта бұл талап болмауы мүмкін. Себебі жобада мұны алып тастау ұсынылған. Оның орнына ортақ формула енгізілмек.

Несие сомасын толығымен жабатын автокөлік, жылжымайтын мүлік және қомақты қаржыны кепілге қойып берілген несиелерді қоспағанда, борыштық жүктеме коэффициентін есептеу барлық микронесиелер бойынша жүргізілуі керек. Тағы бір өзгеріс борышкердің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкінің болуын ескермеу ұсынылып отыр. Сонымен қатар борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде клиенттің 3 айдан 12 айға дейінгі кезеңдегі ресми кірісі ескеріледі.

Микроқаржылық ұйымдарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

Микроқаржылық ұйымдардың ең төменгі меншікті капиталына қойылатын талаптар кезең-кезеңімен 200 млн теңгеге дейін ұлғаяды.

МҚҰ-лар үшін міндетті ең төменгі меншікті капитал 100 млн теңге болып белгіленді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 150 млн теңгеге дейін ұлғаюы керек, ал 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 200 млн теңгеге дейін артады.

Бұл ретте, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркеуден өткен МҚҰ-лар үшін ең төменгі меншікті капитал енді 70 млн теңгені, 2023 жылдың 1 қаңтарынан – 100 млн теңгені, 2023 жылдың 1 шілдесінен – 150 млн теңгені, 1 қаңтардан бастап – 150 млн теңгені құрайды. 2024 жылы – 200 млн теңгелік меже белгіленбек.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген және Астана, Алматы, Шымкент немесе облыс орталығында жұмыс істейтін несие серіктестігі үшін 2022 жылдан бастап капиталға қойылатын талап 50 млн теңгені құрайды. Басқа есеп аймақтарда тіркелген несие серіктестігі үшін биылдан бастап меншікті капиталға қойылатын ең төменгі талап 15 млн теңгені, ал 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 млн теңгені құрайды.

“Капитал резервіне қойылатын қазіргі талап бойынша 10 теңге шағын несиеге 2 теңге капитал қажет. Жаңа талаптар бойынша 10 теңге шағын несиеге 5 теңге капитал қажет”, – деп жазылған жобада.

Бұған қоса, проблемалық қарыздардың өсуін шектеу үшін микроқаржылық ұйымның бүкіл портфелінің 20%-нан аспайтын шекті сома белгілеу ұсынылған.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Банкроттыққа тапсырылған өтініштердің 70 пайызы кері қайтарылған

04.05.2023

Мақсат Халық: «Рубль құнсыздануы – Қазақстан нарығына соққы болып тиюі мүмкін»

10.03.2023

Кәсіпкерлер әлеуметтік желі арқылы тауарын қалай сатуына болады?

05.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа