No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АШМ ұсынған агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау тетігін фермерлер талқылады

Еліміздің әр өңірінен онлайн жиналған шаруалар ведомствоның механизміне қатысты сын-пікірін білдірді.

07.10.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы субсидиялары, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, қайта өңделген өнімдердің импортын алмастыруға және инновацияларды енгізуді ынталандыруға бағытталған субсидия түрлеріне тоқталды. Ведомство өкілінің айтуынша, инвестициялық субсидиялаудың кейбір түрі  жойылуы мүмкін. Ескерте кетейік, бұл министрліктің ұсынысы.

Алайда шаруалар көрсетілген ұсыныстармен толық келісе қоймады. Фермерлер өз салаларына субсидияны қалдырудың негіздемелерін айтты. Мысалға, құс саңғырығын қайта өңдеу құнын субсидиялауға көп қаржы керек емес және оны алмастыратын органикалық тыңайтқыш тым қымбат екенін уәж етті.

Ал «Атамекен» ҰКП төралқасының Тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Ерік Балапанов үкіметтің жұмысына реттілік керек дегенді алға тартты. Ол субсидияны «бір алып, бір қосқаннан» кәсіпкерлік дамымайтынын атап өтті.

«Мұнда өте маңызды мәселе бар. Үкіметтің жұмысына реттілік керек. Бұл инвестициялардың бәрі қаржы институттарымен байланысты екенін бәріміз білеміз. Бір жылы субсидия бар, келесі жылы жоқ деген бизнеске тиімсіз… «Атамекеннің» атынан жұмыртқа өндірушілер немесе жүгері өсірушілер болсын, айырмашылығы жоқ бірізділік керек деп ойлаймын. 3-5 жыл бұл субсидияларға тиіспейік. Бақылап көрейік, тиімсіз болса, содан кейін ауыстырайық», – деді Ұлттық палата төралқасының Тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Ерік Балапанов.

Ұлттық палата АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев алдыңғы спикердің пікірін жалғастырып, ұсыныстарды қайта қарау керек деген пікір білдірді.

«Біздің де ұсынымыз сол. Субсидия бөлуде негізгі фактор – өнімдердің тұрақты түрде шығарылуы болу керек. Биыл болған жағдайлар импортқа тәуелділігіміздің деңгейін көрсетті. Теңізге шығуға алыспыз – 3,5 мың км. Сондықтан ішкі нарықты қамтудағы маңызды бағыттарды қолдау керек. Өзіміз шығаратын өнім шикізат ретінде экспортқа кетпей, қандай да бір өнім болып ішкі нарықта қалу керек. Ал артығын экспортқа шығаруға болады. Сондықтан бұл ұсыныстарды қайта қарау керек», – деп ұсынды Ербол Есенеев.

Шаруалардың пікірін тыңдаған Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері алдағы уақытта тағы жиналып, әрі қарай талқыланатын жеткізді.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкерлік туралы аңыздар

14.07.2022

Доллар бағасы түсті

02.07.2022

Қазақстанда 415 жанармай құю бекетінде дизель отыны жоқ

08.04.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа