No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Несие төленбесе, банк жалақының қанша пайызын ұстап қалады?

31.10.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Банк өкілдері қарыз алушының жұмыс орнына, туыстарына хабарласып, одан нәтиже болмаса, қарызды жалақысынан ұстап қалып жатады. Бұл қаншалықты заңды? Нақты қандай жағдайларда банк борышкердің жалақысынан ұстап қалуға немесе оның жалақы картасын бұғаттауға құқылы? Осы және өзге де сұрақтарға заңгер Данияр Түймебаев жауап берді деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы.

Заңгер банк пен қарыз алушы жасасқан келісімшарттарда қарыздың уақтылы, мерзімі бойынша төленуі тиіс екені көрсетілетінін айтады. Дегенмен, статистика бойынша, несиені кешіктіріп төлейтіндердің саны азаяр емес.

Түймебаев осындай жағдайларда қаржы мекемесінің істі коллекторларға жолдап, мәселенің сот арқылы шешілетінін айтады. Сондай-ақ, маманның сөзінше, банк несие бойынша қарызы барлардың жалақы қартасынан ақша ұстап қалуға құқылы.

«Бұл іс сотқа жеткен болса ғана, борышкердің банк картасынан қарызы үшін ақша ұстап қала алады. Себебі мұнда сот орындаушысының дәлелі мен қажетті құжаттар бар. Ең бастысы – банк пен клиент арасында жасасқан келісімшартта белгілі бір мерзім көрсетілуге тиіс, яғни, қарыз сол мерзімге дейін өтелмеген жағдайда банк жалақы картасынан ақша ұстай алады. Кейбір жағдайларда клиенттер өздері жалақысынан белгілі бір соманы ұстап отыруға өтініш жазып, рұқсатын беріп жатады», – дейді заңгер.

Несие алғанда кепілгер болудың қандай қаупі бар?

Бірақ, Түймебаевтың айтуынша, банк жалақының барлық сомасын ұстап қала алмайды.

«Банк әлеуметтік көмек, алимент, балаларға берілетін жәрдемақы, басқа да жағдайларға қатысты берілетін өтемақыларды ұстап қала алмайды. Банк картасындағы барлық ақшаның көп болса, 50 пайызын ғана ұстай алады. Одан көп ақша ұсталған жағдайда клиенттің прокуратураға банктің заңсыз әрекетіне шағымданып, өтініш қалдыруға құқығы бар», – дейді заңгер.

Маман сот үкімі шықпайынша, банктің жалақы картасын бұғаттауға құқығы жоқ екенін айтады. Ал қандай да бір сот үкімі шықпаса, банк ол шығынды өтеуге тиіс болады.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Әлемдегі бай адамның бірі Уоррен Баффеттің оқиғасы: 5 доллардан миллиардқа дейін

14.12.2022

Қазақстан қарттары БҰӨС индексі бойынша 17-орында

17.03.2023

Цифрлық теңге не үшін қажет: Ұлттық банк жауабы

12.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа