No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Несиесін төлей алмаған адам өзін банкрот деп қалай жариялайды?

Бүгін Қарасай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары kazbusiness.kz тілшісіне аталған заңның артықшылығы мен кемшілігін түсіндірді.

23.02.2023
Жаңалықтар
55
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда банк алдында борышкерлер емес адам саусақпен санарлық. Бірнеше жылда есептесем деп мойнына алып, еселеп өскен пайызын өтей алмай «қара тізімге» енгендер қаншама.

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

3 наурыздан бастап күшіне енетін бұл заң біз жоғарыда айтып өткен, қаржылық ұйымдарға қарыз адамдарға мемлекет тарапынан берілген мүмкіндік. Бүгін Қарасай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары kazbusiness.kz тілшісіне аталған заңның артықшылығы мен кемшілігін түсіндірді.

Ұлттық банктің хабарлауынша, қазір қазақстандықтардың банкке қарызы 6,6 трлн теңгеге жеткен. 2021 жылмен салыстырғанда биыл банк алдындағы халықтың берешегі 33,3 пайызға өскен. Әсіресе, жеке тұлғалардың 1-30 күн аралығындағы өтелмеген қарызы 84 пайызға өсіп 333,1 млрд теңгені құраған. Ал 90 күннен асқан қарыз көлемі 12 пайызға ұлғайып, 417,7 млрд теңгеге жеткен.

Қарапайым тілмен айтқанда, бұл мүмкіндік еш жерде ресми жұмыс істемейтін, бір жылдан астам уақыт несиесін төлей алмай жүрген, меншігінде ешқандай мүлкі жоқ тұлғалар үшін тиімді.  Бір ескерерлігі – ол адамның банк, микроқаржы ұйымы және коллекторлар алдындағы қарызы 4,9 млн теңгеден (1 600 АЕК) аспауы керек, ең төменгі күнкөріс шегінен (адам басына 36 018 теңге) асып кетпеуі қажет.

Екінші жолы — сот банкроттығына негізделген. Мұны қарызы 4,9 млн теңгеден асатын қазақстандықтар пайдалана алады. Осы рәсім барысында борышкердің мүлкі болса, ол аукционда сатылады. Түскен қаражат белгіленген тәртіппен кредиторлар алдындағы берешекті өтеуге жұмсалады. Жеке тұлғаның сот арқылы банкрот болу процедурасымен арнайы тағайындалған қаржы басқарушысы айналысады. Бірақ борышкердің атында бір үй болса және ол кепілге қойылмаған болса, онда оған тиіспейді.

Үшінші жағдайда клиенттің төлем қабілеті қалпына келтіріледі және сот арқылы қарыздарды 5 жылға дейін бөліп төлеп қайтару нұсқасы қарастырылады. Ол қаржы бас­қарушысымен бірлесіп әзірленіп, сотта бекітіледі. Бұл үшін екі тараптың (борышкер мен кредитор) келісімі қажет.

Енді осы банкроттықтың кемшін тұстарына тоқталайық. Мәселен, өзін банкротпын деп жариялаған жеке тұлға 5 жыл бойы займ және несие ала алмайды. Екінші рет банкрот болу үшін араға 7 жыл салу қажет. Сонымен қатар заң бойынша банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді. Яғни, егер сіз банкрот болып табылған соң көп ұзамай қымбат мүлік сатып алатын болсаңыз, жағдайыңыз қайта қаралуы мүмкін.

 

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Атыңыздан несие рәсімделгенін қалай білуге болады?

04.08.2022

eOtinish — мемлекеттік органдарға өтініш берудің оңай жолы

27.02.2023

Алматы облысы тұрғындарының жағдайы тек ескі көлік алуға жете ме?

14.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа