No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

«Обал жасаған екен»: Әлем чемпионы Санжарды университет оқудан шығарып жіберген

16.05.2023
Kazbusiness, Әлеумет, Жаңалықтар
2.5k
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Белгілі журналист Ғалым Қожабеков Facebook-тегі парақшасына бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Санжар Тәшкенбайды оқудан шығарып жібергені туралы жазба жариялады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

«Ташкент-Астана бағытында ұшқан ұшаққа мініп, орныма жайғасқаным сол еді, жаныма келіп Санжар Тәшкенбай жайғасты. Содан Астанаға жеткенше біраз әңгімелестік. Астанадағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда оқыған Санжар 17 жасында бокстан Азия және әлем чемпионы болған. 18 жасында ересектер арасындағы Азия чемпионы атанды. Әңгіме барысында бір әттеген-айы бар екенін де айтып қалды», – деп жазды Ғалым Қожабеков.

Әңгіме барысында Санжар Тәшкенбай өзінің қайда оқитынын айтқан.

«Ешқайда оқымаймын. 2021 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа оқуға түскен едім, оқытушы-жаттықтырушы мамандығына. Бірақ оқуым ұзаққа бармады, 1-курстың ортасынан бастап стипендиямды алып тастады. Одан кейін сабаққа белсенді қатыспағаным және жазғы практикаға қатыспағаным үшін оқудан шығып қалдым. Ақылы оқуға ауысайын десем, қаражат жетіспейді. Үйде менен басқа 5 бала бар, әкем – қарапайым таксист, анам үй шаруашылығынан босамайды», – деп жауап берген боксшы.

Санжардың айтуынша, оқудан шығып қалатын кездері ол жастар арасындағы Азия және әлем чемпионатына қызу дайындықта жүрген. Тынымсыз жаттығулардың арқасында екі жарыста да чемпион болған.

Ол журналистке оқуымдан шығып қалғанына өкінетінін айтқан.

«Енді не істейсің десем, “Көкшетаудағы педагогика институтына баратын шығармын, спорт өмір бойы серік болмайды ғой…” деп отыр кеше ғана әлемді мойындатқан Санжар чемпион. “Санжар бұл жағдайды жүрегіңе жақын алма, бір жөні болар, сен енді осы күздегі Азия ойындары мен алдағы жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарын ойла!”, – дедім өзімше тілеуқор көңілмен, алтын медалін алақанында ұстап отырған, қазақтың абыройын аспандатқан Тәшкенбайға. Оқығысы келетін балаға қарап ойланып қалдым…», – деп жазды Ғалым Қожабеков.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өкілдері бұл жайтқа қатысты жауап дайындап жатқандарын айтты.

Желі қолданушылары бұл жайтқа наразы болуда.

«Бұрын ел намысын қорғап жүрген студент жастарға кеңшілік жасалатын. Обал жасаған екен… Түсіністікпен қарап, оқудан шығармағанда “Біздің бала чемпион” деп мерейлері өсіп, бөріктерін аспанға атып отырар ма еді?.. Оқып, мамандық алғаны дұрыс, бүгін чемпион болғанмен болашағыңды өзің ойлайтын заман. Кеше біреу өзбектің Ойбек батыры Мәскеуде үй салып жүрген жұмысшы деп келеке етіп отыр еді осында… Біздің елдің де спорттағы батырларын жарылқап тастамағаны белгілі», – деп жазды желі қолданушысы.

Еске салайық, Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына жалпы төрт алтын, бір күміс медаль түсті. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының алғашқы жеңімпазы 19 жастағы Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін) атанды.

Байланысты Материалдар

Cadillac-тің жоғары жылдамдықты электр кроссовер концепциясы

26.08.2025

9 айдан кейін қорықтар қыркүйек айында тарифтерді қысқартуы мүмкін.Неліктен ұзақ үзіліс акциялардың раллиді ұзартуы мүмкін.- MarketWatch

26.08.2025

Fred’s Maga Maga Maga MageRover үшін – Financial Times

26.08.2025

Мейрамханадан кейін Ди фонына арналған Cracker Barrel тақтасының мүшесі Дәстүрлі логотип – Fox Business

26.08.2025

Жолаушының құрылғысы американдық авиакомпаниялардың ұшуына өртеді, кабинаға түтінді жібереді – Нью-Йорк посты

26.08.2025

Ethereum жаңа рекордтық бағаға 5000 долларға ауысады – шифрға

26.08.2025

Ұсынылатын материалдар

FILE PHOTO: A trader works on the floor at the New York Stock Exchange (NYSE) in New York City, U.S., July 7, 2025. REUTERS/Jeenah Moon/ File Photo

Хеджирлеу қорлары 2025 жылдың бірінші жартысындағы ағындар – Yahoo Finance

20.07.2025

Фьючерстің фьючерстері табысы, экономикалық мәліметтер S & P 500 Жазуларға дейін жоғары деңгейлі: Тікелей жаңартулар – CNBC

19.07.2025

Отандық қызылша өсірушілер биыл өңдеуге 280 мың тонна өнім тапсырды.

20.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа