No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

«Обал жасаған екен»: Әлем чемпионы Санжарды университет оқудан шығарып жіберген

16.05.2023
Kazbusiness, Әлеумет, Жаңалықтар
2.5k
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Белгілі журналист Ғалым Қожабеков Facebook-тегі парақшасына бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Санжар Тәшкенбайды оқудан шығарып жібергені туралы жазба жариялады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

«Ташкент-Астана бағытында ұшқан ұшаққа мініп, орныма жайғасқаным сол еді, жаныма келіп Санжар Тәшкенбай жайғасты. Содан Астанаға жеткенше біраз әңгімелестік. Астанадағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияда оқыған Санжар 17 жасында бокстан Азия және әлем чемпионы болған. 18 жасында ересектер арасындағы Азия чемпионы атанды. Әңгіме барысында бір әттеген-айы бар екенін де айтып қалды», – деп жазды Ғалым Қожабеков.

Әңгіме барысында Санжар Тәшкенбай өзінің қайда оқитынын айтқан.

«Ешқайда оқымаймын. 2021 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа оқуға түскен едім, оқытушы-жаттықтырушы мамандығына. Бірақ оқуым ұзаққа бармады, 1-курстың ортасынан бастап стипендиямды алып тастады. Одан кейін сабаққа белсенді қатыспағаным және жазғы практикаға қатыспағаным үшін оқудан шығып қалдым. Ақылы оқуға ауысайын десем, қаражат жетіспейді. Үйде менен басқа 5 бала бар, әкем – қарапайым таксист, анам үй шаруашылығынан босамайды», – деп жауап берген боксшы.

Санжардың айтуынша, оқудан шығып қалатын кездері ол жастар арасындағы Азия және әлем чемпионатына қызу дайындықта жүрген. Тынымсыз жаттығулардың арқасында екі жарыста да чемпион болған.

Ол журналистке оқуымдан шығып қалғанына өкінетінін айтқан.

«Енді не істейсің десем, “Көкшетаудағы педагогика институтына баратын шығармын, спорт өмір бойы серік болмайды ғой…” деп отыр кеше ғана әлемді мойындатқан Санжар чемпион. “Санжар бұл жағдайды жүрегіңе жақын алма, бір жөні болар, сен енді осы күздегі Азия ойындары мен алдағы жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарын ойла!”, – дедім өзімше тілеуқор көңілмен, алтын медалін алақанында ұстап отырған, қазақтың абыройын аспандатқан Тәшкенбайға. Оқығысы келетін балаға қарап ойланып қалдым…», – деп жазды Ғалым Қожабеков.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өкілдері бұл жайтқа қатысты жауап дайындап жатқандарын айтты.

Желі қолданушылары бұл жайтқа наразы болуда.

«Бұрын ел намысын қорғап жүрген студент жастарға кеңшілік жасалатын. Обал жасаған екен… Түсіністікпен қарап, оқудан шығармағанда “Біздің бала чемпион” деп мерейлері өсіп, бөріктерін аспанға атып отырар ма еді?.. Оқып, мамандық алғаны дұрыс, бүгін чемпион болғанмен болашағыңды өзің ойлайтын заман. Кеше біреу өзбектің Ойбек батыры Мәскеуде үй салып жүрген жұмысшы деп келеке етіп отыр еді осында… Біздің елдің де спорттағы батырларын жарылқап тастамағаны белгілі», – деп жазды желі қолданушысы.

Еске салайық, Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына жалпы төрт алтын, бір күміс медаль түсті. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының алғашқы жеңімпазы 19 жастағы Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін) атанды.

Байланысты Материалдар

Мен 20+ жылмен саяхаттадым, және осы 16 премьер-министрлер – 8 доллардан – саяхат + демалыс

09.07.2025

Милан Бергамо әуежайы адам реактивті қозғалтқышқа түскеннен кейін 2 сағаттан жуады және өлтірілді – CBS жаңалықтары

09.07.2025

Уолл-стрит Дональд Трамптың тарифтік қаупіне қарамастан, АҚШ қорларында көбірек кедергі жасайды – Financial Times

09.07.2025

S & P 500 фьючерстері Трампты сатып алу уақыты ретінде тұрақты ұстады: базарлар – Bloomberg

09.07.2025

Қор нарығы 2025 жылғы 3 шілде: Dow RITS;Мықты жұмыс орындарының лифтілері базарлары – WSJ

05.07.2025

Ашибай Робиндіктердің «ашық шоспен» – Техниканы айыптайды

04.07.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан алдағы жеті жылда 150 млрд доллар инвестиция тартады

24.12.2022

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері өсті

04.01.2023

20 мыңға жуық маңғыстаулық қаржы пирамидасының құрбаны болған

24.02.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа