No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Олег Тиньковтың кәсіпкерге берер кеңестері

02.11.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
4
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Олег Тиньков – ресейлік кәсіпкер, тұрмыстық техника дүкендер желісі мен мейрамханалар желісі, «Тинькофф» банкінің негізін салушы. «Forbes» журналының дерегі бойынша 2014 жылы әлемдегі бай адамдар тізімінде 1210-орында болса, 2019 жылы Ресейдегі 50 ауқатты адамдар қатарында болған.

Олег Тиньков өзге кәсіпкерлерге мүлде ұқсамайды. Ал оның банкі дәстүрлі қаржы институтынан бөлек. Назарыңызға  кәсіпкердің өзге бизнесмендерге берген кеңесі мен инсайттарын ұсынамыз.

        Жақсы команда жина

2006 жылы «Тинькофф» банкі енді құрылған тұста, кәсіпкер дайын банкирлер командасын сатып алу, банк ісіндегі жұлдыздарды өз фирмасына шақырудан аулақ болды. Ол әрбір жұмысшыны таңдап алып, жаңа еңбек нарығын қалыптастырды. Банктің қаңқасын құраған алғашқы 30 жұмысшыны Тиньков өзі қабылдаған. 2007 жылы  «Тинькофф» банкінің кредиттік карталар портфельі «Русский стандарт»  банкімен салыстырғанда 200 есеге аз болған. Ал 2015 жылы «Тинькофф» банкі Ресейдегі ірілігі бойынша екінші орынды алды.

Табысты әрі жұмысына қызығушылығы жоғары адамдарды іздеңіз

Банк ісінде барлығы басшыға байланысты деп ойлайтындар өте көп. Мұндай адам команданы алға сүйрейді деп есептейді. Нәтижесінде басшы ауысады, ал табыс пен пайда өзгеріссіз қалады. Олег Тиньков мұндай қателікке бой алдырмады. «Тинькофф» банкінде қызметкерлер – бизнестің бір бөлігі. Кәсіп бизнес-лидердің негізінде жасалмады. Кәсіпке сай жұмысшыларды қабылдады. Бұл тиімділік пен компанияның нарықта нығая түсуіне әсер етеді.

Жұмысшыларды кәсіптегі серіктеске айналдырыңыз

Олег Тиньков өз жұмысшылары туралы сөз қоғағанда, олардың кейбірін серіктесі ретінде таныстырады. Идея қарапайым: «Менеджерлер – компанияның дамуы мен капитализацияның артуына күш салатын серіктестер». Халықаралық нарыққа шықпай тұрып компания акцияларының 3 пайызы үздік 10 менеджерге тиесілі болса, бүгінгі таңда 50 қызметкер 7 пайыз акцияларға иелік етіп отыр.

         Қызметкерлермен жұмыс істеу барысында жаңа форматты қолдану

Тиньков жұмысшылар бойындағы мотивацияны арттыру үшін ғана емес, тиімділік пен нәтижені жақсарту үшін де түрлі тәжірибелерді жасады. Ол алғаш болып кредиттік картаны жеткізу қызметін енгізген. Қазір банк күнделікті 9 000-нан астам картаны тасымалдайды. Осылайша қарапайым банк бөлімшелерінен бөлек, жаңа жұмысшылар тобын ұйымдастырды.

Екінші ірі жаңалық – үйден жұмыс істейтін қызметкерлерді тарту. Бұл әлемнің кез келген нүктесінен жұмысшы табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оларға тек нәтиже үшін ғана ақы төленеді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Торғайдағы өрттен бизнеске 200 млн залал келген

07.09.2022

Кәсіпкерлерге салықты төлеу мерзімдерін еске салу үшін push-хабарламалары жіберілуде

06.08.2022

Алматы облысында 250 кәсіпкердің құқығы қорғалды

14.06.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа