No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Онлайн-БКМ чегінде сатып алушының ЖСН-і қамтылады

Салық кодексінің 166 бабының 1 тармағына сәйкес, ҚР аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.

30.08.2022
Жаңалықтар, Kazbusiness
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын салық төлеушілер ақшалай есеп айырысу кезінде онлайн-бақылау касса машинасын қолдануға міндетті.

 

Онлайн бақылау-касса машиналарын жеке тұлғалар, жеке сот орындаушылар, медиаторлар, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, халыққа қызмет көрсететін қоғамдық көліктер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қызметі телекоммуникация желiлерi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер, діни бірлестіктерінің, Ұлттық пошта операторының, арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілетін салық төлеушілір ақшалай есеп айырысу кезінде қолданбайды.

 

Алайда, қызметі телекоммуникация желiлерi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілер ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады.

 

Салық төлеушілер БКМ ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін салық органында есепке қойып,көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін беру керек. Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пункттерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс.

 

Айта кетейік, 1 қантар 2022 жылдан бастап онлайн – БКМ чегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының талап етуі бойынша сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірін де қамтуға тиіс.

 

Салық органына БКМ есепке қою, үш жұмыс күнi iшiнде БКМ тіркеу нөмірін беру арқылы жүргізіледі. Есептен шығару және өзгерістер енгізу бір жұмыс күнінде жүргізіледі.

 

БКМ орнатпау, тіркемеу және тиісті талаптарды орындамау фактілері орын алған жағдайда, ҚР Әкімшілік-құқық бұзу кодексінің 284 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Байланысты Материалдар

NVIDIA-да $ 6,3b долларымен қорық қоры – Инвестопедия

17.09.2025

NVIDIA-да $ 6,3b долларымен қорық қоры – Инвестопедия

17.09.2025

Неліктен Трамп компаниялардың пайда табуын қалайды – NPR

17.09.2025

Монте Розаның қоры (желім) Skyrockets-ті Novartis – Tipranks-пен 5,7 млрд

17.09.2025

Неліктен Трамп компаниялардың пайда табуын қалайды – NPR

17.09.2025

NVIDIA, TESLA, Texas аспаптары, Oracle, Coryweve, Gemini ғарыш станциясы және басқа да көліктер – Баррон

17.09.2025

Ұсынылатын материалдар

Бразилияның Эмбраер Алдымен, AVELO Airlines-пен бірге E2 ұшағына тапсырыс беру 50 ұшақ сатып алады – CNBC

11.09.2025

Үкімет дүкен салғысы келетін кәсіпкерлерге субсидия беруді жоспарлап отыр

16.01.2023

Қостанайда саяжай иелері жер телімдерін сот арқылы қорғап қалды

08.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа