No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет дүкен салғысы келетін кәсіпкерлерге субсидия беруді жоспарлап отыр

Мұндағы мақсат – дүкендегі тауар бағасының қымбат болуына жол бермеу.

16.01.2023
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Үкімет облыс орталықтары мен моноқалаларда заманауи сауда орталықтары мен көпфункционалды сауда кешендерін салуға не жаңғыртуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекеттік субсидия беруді көздеп отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкіметтің “Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы” қаулысына енгізілуі тиіс өзгертулердің жобасынан белгілі болды. Алайда, бұл санатқа сауда-ойын-сауық орталықтары жатпайды.

Жоба бойынша, салынатын не жаңғыртылатын сауда орталықтары бірқатар талаптарға сай келуі шарт:

  • сауда алаңының аумағы кемінде мың шаршы метр болуы керек;
  • дүкен көтерме емес, бөлшек саудамен айналысуы тиіс;
  • сауда алаңында азық-түлік, оның ішінде әлеуметтік азық-түлік сататын орындар, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық, қойма бөлмелері болуы тиіс.

Құжат жобасының иесі – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің түсіндіруінше, Қазақстанда заманауи форматтағы сауда алаңдары тапшы. Оған қоса, сауда алаңдарын сатып алу және жалдау құны да өте жоғары. Бұл факторлардың бәрі дүкендердегі тауар бағасының қымбаттауына әкеліп отыр. Осыған орай, Үкімет жоғарыда аталған талаптарға сай келетін сауда орталықтарын салуға ниетті кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау арқылы дүкендегі баға мәселесін реттемек.

 

Айта кетейік, мемлекеттік субсидиялау 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асырылмақ.

Қаулыға енгізілетін өзгертулер жобасы 26 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Берешекті реттеу рәсімі дегеніміз не?

15.01.2023

Пияз, сәбіз, картоп бағасы арзандады

20.10.2022

«Жеке іс» қызметімен жұмысшы табу жеңілдейді

28.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа