No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Отбасылық бюжетті қалай басқару қажет?

18.12.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
145
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тұрмыстық кіріс-шығысты, отбасындағы «экономиканы» жүргізу оңай жұмыс емес. Әсіресе, отбасының қаржысын басқару жеңіл болып көрінгенмен, әркімнің қолынан келе бермейді. Ақшаны қанша көп тапсаң да, басы құралмай, жұмсаған қаражат көзге көрінбейді. Таныс жағдай ма? Міне, өзіңіздің отбасылық бюджетті қалай дұрыс басқару екеніне бірнеше пайдалы кеңестер ұсынамыз. Отбасылық бюджетті жоспарлау қаражатты бөлуге, қажет уақытқа қор дайындап қоюға және алдағы үлкен мақсаттарға ақша жинауға көмектеседі. Біз сізге қаржы есебін қалай дұрыс жүргізу керектігін және бұл үшін қандай құралдар бар екенін айтамыз.

Жеке қаржыны басқару – ол шеберлік

Мәселен, сіз жазғы демалысқа шетелге бару үшін ақша жинайсыз ба немесе қиын кезеңдерге қажет болар деп қор жинайсыз ба? Жеке қаржы сіздің отбасыңызда маңызды орынға ие болуы керек. Шығындарға қатысты жақсы әрі пайдалы әдеттерді қалыптастыру және жеке бюджетті сақтау — бұл бала кезден бастап барлық адамдарға қажетті дағдылар. Балаларыңызға өмірді қалай жеңілдетудің керемет үлгісін ұсыну үшін отбасылық бюджетті құру бойынша бірнеше кеңестерді қолданыңыз.

Отбасылық бюджетті жүргізу қажеттілігі әрдайым айқын бола бермейді. Әдетте адамдар екі себепке байланысты жоспарлаудан бас тартады. Не ақша бәріне жетеді, ал кірістер мен шығыстарды есепке алу уақытты босқа ысырап ететін сияқты болып көрінеді. Немесе қаражат аз, оны кейінге қалдыру мүмкін емес, сондықтан бюджетті жүргізу мағынасыз болып көрінеді.

Шын мәнінде, қаржылық жоспарлау кіріс мөлшеріне байланысты емес. Ол кез келген мөлшердегі бюджеттерде қолданылады. Барлық шығындар мен түсімдерді есепке алу отбасылық бюджетті дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Міне, жоспарлаудың артықшылықтары:

  1. Ірі қаржылық мақсаттарға қол жеткізуге болады. Егер кірістер үлкен болмаса, кез-келген уақытта маңызды сатып алуларға қол жеткізу үшін ақша жинауға тура келеді. Демалысқа, жөндеуге немесе көлік жаңартуға. Мұны тиімді орындау үшін бюджетті есептеу керек;
  2. Күтпеген жағдайлар үшін қор дайындап қою керек. Аяқ асты сырқаттану, жұмысынан айрылу және басқа тосын жайттар әрқашан қосымша шығындарды талап етеді. Қаржыны жоспарлау «резервтік қорды» құру арқылы осындай жағдайларға дайындалуға мүмкіндік береді. Бұған сақтандыру төлемдерін сатып алу да кіреді. Олар бойынша төлемдер бюджетте жоспарсыз шығындарға жол бермейді. Мысалы, жазатайым оқиғалардан полис ресімдеуге, балаларды спорттық жарақаттардан сақтандыруға немесе жылжымайтын мүлікті қорғауға болады;
  3. Шығындарды оңтайландыру. Жоспарланбаған ұсақ-түйек сауда жасау, қажет заттар сатып алулар отбасылық шығындардың маңызды бөлігін құрайды. Бюджетті талдаудың бірінші айынан кейін көптеген адамдар сандарға үреймен қарайды, өйткені олар кез-келген нонсенс үшін қанша ақша кететінін білмейді. Есеп жүргізу ақша шығындаудағы әлсіз тұстарды табуға және қаржы ағындарын сауатты түрде қайта бөлуге көмектеседі.

Бюджетті жоспарлау күнделікті күйзелісті де азайтады. Жалақыдан жалақыға дейін қаржы жеткілікті ме екенін білмесең үнемі мазасыз күй кешесің. Күтпеген шығындар ақшаны қарызға алуға немесе оны несие карталарынан жұмсауға мәжбүр етеді. Әрі қарай қарызды қалай қайтарамыз, соны да ойлану керек. Бұл әрекет сауатты жоспарлауды жоятын тұрақты күйзелісті тудырады. Отбасылық бюджет барлық шығындарды ескереді, сондықтан ақша күтпеген жерден таусылады деп алаңдамайсыз.

Отбасылық бюджетті жоспарлаудың нақты қадамдары

Егер отбасы бұрын соңды кірістері мен шығындарын талдамаған болса, алғашында бастау қиын болуы мүмкін. Міне, бюджетті құру кезінде қаперде ұстауға болатын қадамдық жоспар:

1. Бірінші айда барлық кірістер мен шығыстарды жазу жеткілікті. Қазір басты міндет — теңгерімнің жинақталатынын, қанша артық қаражат қалатынын білу. Мүмкін, ақша жеткіліксіз шығар. Сол себепті қанша қаржы қарызға немесе несиеге алынғанын да жазу керек.

2. Айдың соңында сіз ақша жұмсалатын негізгі категорияларды бөлуіңіз керек. Әдетте бұл азық-түлік, байланыс қызметтері, коммуналдық төлемдер, көлік шығындары. Әр санат бойынша шығындарды қорытындылау керек.

3. Келесі кезең – шығындарды талдау. Әр санатқа бюджеттің қанша пайызы қалай бөлінетінін есептеу керек. Ең дұрысы, міндетті төлемдер кірістің жартысынан көбін құрағаны абзал. Содан кейін қалған ақшаны пропорционалды түрде қосымша сатып алу мен жинақтауға бөлуге болады.

4. Талдаудан кейін жоспарлау уақыты келеді. Әдетте адамдар импульсивті сатып алуларға тым көп ақша жұмсайды. Яғни, мақсатсыз сауда жасау, қажзет емес затты сатып алу. Ал жинақтау мен инвестициялауға қаражат жетіспейді. Қосымша шығындарды алып тастап, қалғандарын қосу арқылы шығындарды қайта бөлу қажет.

5. Жоспар дайын болған кезде келесі айға мақсат қойыңыз. Олар түсінікті әрі оңай орындалатын болуы керек. Мысалы, жұмысқа барар жолда кофе сатып алмаңыз және бұл соманы демалысқа қалдырыңыз.

6. Келесі айда шығындар мен кірістерді жазуды жалғастырыңыз, бірақ жаңа мақсаттарды ескеріңіз. Аяқтағаннан кейін сіз талдау жасап, не істегеніңізді және не істемегеніңізді түсінуіңіз керек. Содан кейін қосымша жоспар құрыңыз. Бұл кезеңде ірі сатып алуларға қаражат жинау үшін ұзақ мерзімді мақсаттар жазылады.

Әдетте сіз үш-төрт айда бюджетті жоспарлап үйренесіз. Осы уақыт ішінде кірістер мен шығыстарды есепке алу нәтижесі айқын көрінеді. Қаржы дұрыс бөлінген кезде, отбасы көп ақша таба алады. Бұл барлық қаржылық мақсаттарға жету үшін бюджетті жүргізуді жалғастыруға ынталандырады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алимент төлеуден қашқандар өзін “банкрот” деп жариялай алмайды

02.12.2022

Кәсіпкерлер қазақы брендті дамытуда

01.09.2022

Қастандық жасалды: “Алтын орда” әкімшілігі ұсталған базар басшысы жайлы пікір білдірді

03.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа