No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Пайдалы қаржылық 7 әдет

29.01.2023
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
8
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгінгі күні еліктіріп әкететін, жан-жақтан сатып алуды ұсынатын жарнамалар өте көп.  Алайда, ақша есепті сүйеді, оны үздіксіз бақылап отыру қажет.

N 1 әдет. «Шашпа бекер барыңды». Алға батыл мақсаттар қойыңыз, мысалы, белгілі бір мерзімде пәтер немесе көлік алуға ақша жинаңыз. Осындай мақсаттарға қол жеткізу, бір қарағанда қиын болып көрінуі мүмкін.  Мұндай мақсаттарға бір  қарағанда, әсіресе  кірісіңіз аз болып, оны арттыру қажет болғанда, қол жеткізу қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ өршіл мақсаттарыңызды кішігірім мақсаттарға бөліп, оларға қол жеткізу керек, сонда ғана алға сеніммен жылжи аласыз.

Мысалы, депозитке бірден көп мөлшерде ақша салудың қажеті жоқ.  Алдымен аздан бастаңыз, сізге келіп түсетін кез келген кірістің, мысалы  жалақы, бонустар, төлемдер, ақшалай сыйлықтардың және т.б. шамамен 5-10 пайызын аударыңыз. Көбірек салсаңыз тіпті жақсы.

N 2 әдет. Қарыз алмаңыздар, кредиттік жауапкершілігіңізді арттырыңыз! Қалай көп ақша табуға, тағы не істеуге болатындығы, адамдарға қосымша табыс табу үшін қандай қызмет ұсынуға болатындығы туралы ойыңызды қайта ойластырған дұрыс. Сондай-ақ егер сізде ақша жетпесе, онда сіз уақытша үнемдеуді, жеңілдіктер, сатылымдар және т.б. іздеуді үйренуіңіз керек. Әрине, қарызға сатып алу, яғни кредит немесе бөліп төлеу, бірақ тауарды немесе қызметті дәл қазір алу әлдеқайда оңай. Бірақ қаржылық тұрғыдан сауатты адамдар әрқашан күте тұруға: әуелі жинауға және содан кейін сол затты өз ақшасына сатып алуға тырысады.

N 3 әдет.  Нақты мақсатқа жинаңыз! Қаржыны жоспарлау кезінде алдына нақты мақсаттар қоятын және нәтижеге негізделген спортшылардан үлгі алыңыз. Егер сіз не үшін жинақтау қажет екенін, не нәрсеге және қандай мерзімде қол жеткізгіңіз келетінін білсеңіз, онда қажетті соманы жинақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары. Біреу ақшаны сыртына, мысалы: емделуге, сыйлықтарға, білім алуға, саяхатқа және т. б. жазылған  әртүрлі конверттерде сақтайды. Ең дұрысы – осы мақсаттарға бірнеше депозит ашып қою.

N 4 әдет. Өз активтеріңізді әртараптандырыңыз! «Жұмыртқаларды бір себетке салмаңыз» — барлық уақытта өзекті, көнеден келе жатқан шындық. Әртараптандыру қаржы құралдарының белгілі бір теңгерімін болжайды. Мысалы, егер сіз депозит ашсаңыз, онда мұны бірден бірнеше банкте және мемлекет кепілдік берген сома шегінде жасаңыз: жинақ депозиттерінен басқа ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 млн теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңге, ал жинақ салымдары бойынша 20 млн теңге. Депозитте ақшаны әр түрлі валютада ұстаған дұрыс.

N 5 әдет. Күнделікті өмірде ақылға қонымды үнемдеу қағидаларын қолданыңыз! Мысалы, таксиге кететін шығындарды азайту үшін жаяу жүріңіз, асханаларға немесе кафелерге ақша жұмсамау үшін үйден тамақ алыңыз. Бұл тек шығынды азайту ғана емес, сонымен қатар пайдалы. Бұл ақылға қонымды тұтынудың мәні, яғни сізді қалаған затыңызды, сол жерде, сол күні сатып алмауға, эмоционалды импульстарға тәуелді болмауға үйрететін өте жақсы дағдының бірі болып табылады. Егер сіз барлығына толық тыйым салсаңыз, мысалы, толық үнемдеуді сақтасаңыз, онда ішкі тыйымдарды бұзу қаупі едәуір артады. Импульсивті сатып алулар негізінен осылай жасалады. Сондықтан, анда-санда өзіңіздің қалағаныңызды алуға тырысыңыз.

N 6 әдет. Ойыңызды өзгертіңіз және пассивті кіріске ие болыңыз! Пассивті кіріс – бұл сіздің жұмыс қабілетіңізгеа және өзге де жағдайларға қарамастан сізге үнемі түсіп отыратын ақша. Әртүрлі қаржы құралдарына инвестиция салу пассивті табыстың бір түрі болуы мүмкін. Егер сізде бос қаражат болатын болса, оларды жұмсау үшін бірден дүкенге жүгірудің қажеті жоқ. Ақша сізге жұмыс істеу үшін оны қайда бағыттау керектігі туралы ойланыңыз.

N 7 әдет. Қаржылық ревизияны үнемі жүргізіп отырыңыз! Егер сіз ақшаңыздың қайда жұмсалып жатқанын білмесеңіз, онда сіздің жеке қаржылық жоспарын жасай алуыңыз да екіталай. Сіздегі шығыстардың қай баптары асып түсетінін түсіну бұл – оң өзгерістерге алғашқы қадам.

Сол үшін де айына тым болмағанда бір рет өз кірісіңіз бен шығысыңызды қайта санап, жасаған саудаңызға, оңтайландыруға болатын активтеріңіз бен пассивтеріңіздің түрлеріне талдау жасаңыз, яғни неден құтылып, нені сатып, қандай шығын мен саудадан бас тартқан дұрыс. Өзіңіз пайдаланатын қаржылық қызметтердің, мысалы әлдебір банктегі салымдардың талаптарын тағы бір рет зерделеп, талдау жасаңыз.

(*Авторские права)
Источник: https://fingramota.kz/kk/news/post/zheti-pajdaly-arzhyly-det

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Тұтынушылар «Wildberries» ЖШС үстінен шағым түсіруде

04.10.2022

Жоғары білімі жоқ кәсіпкерлер туралы білесіз бе?

03.10.2022

Әлемнің ең бай адамдарынан 10 бизнес-кеңес

21.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа