No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қант бағасы бір жыл ішінде 86,8 пайызға қымбаттады

12.08.2022
Жаңалықтар
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жұмыс істеп тұрған қант зауыттарының өндірістік қуаты шикізатпен тұрақты қамтамасыз етіліп, ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Жыл басынан бері қант бағасының өсуі 86,6% болды (2021 жылдың сәйкес кезеңінде – 11,9%). Бүгінде қант бағасының өсу қарқыны төмендеді, бірақ өсу динамикасы сақталып тұр. 2022 жылғы шілдеде бөлшек сауда бағасының өсуі 5,3% деңгейінде болды.ҚР БҚДА баспасөз қызметі

Қазақстанда қант өндірудің негізгі көлемін екі аймақта орналасқан төрт қант зауыты жүзеге асырады:

  • Жамбыл облысында – «Тараз қант зауыты» (қант құрағынан өндіру) және «Меркен қант» ЖШС (құрақ + қызылша);
  • Алматы облысында – «Көксу қант зауыты» ЖШС (қамыс + қызылша) және «Ақсу Кант» ЖШС (қызылша).

“Жұмыс істеп тұрған қант зауыттарының өндірістік қуаты шикізатпен тұрақты қамтамасыз етіліп, ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті. Отандық шикізаттың да, импорттық шикізаттың да тапшылығы импорттық шикізатты сатып алу үшін қажет зауыттардың айналым қаражатының жеткіліксіздігінен дамыды”, – делінген хабарламада.

Зауыттардың пікірінше, бұл мәселе валютаның құбылмалылығымен, логистикалық шығындардың өсуімен, шикізат бағасының өсуімен асқынып, қолда бар қуатты толық пайдалануға кедергі жасайды.

Қант зауыттарының шикізатты сатып алуы тапсырыс берушілер (көтерме сатып алушылар) есебінен жүзеге асады. Елде өндірілетін қанттың негізгі көлемін ірі көтерме жеткізуші сатып алды, ол Қазақстанда өндірілетін қанттың 90%-ына келісімшартқа отырды.

“Көтерме сауда нарығына жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, көтерме жеткізушінің әрекетінен тауардың айналымнан алыну белгілері байқалады, соның салдарынан қант бағасы көтерілді. Бұл ретте басқа өңірлік көтерме жеткізушілер мен бөлшек сауда желілерінің өндірілген қантына қол жеткізу шектелді”, – деп жазды ҚР БҚДА баспасөз қызметі

Агенттік монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегі бойынша тергеу тағайындады.

Монополияға қарсы органға келіп түскен көтерме жеткізушінің өтінішін қарау нәтижесі бойынша «Тараз қант зауыты» ЖШС-нің үстем жағдайды теріс пайдалануы, көтерме жеткізушімен шарт жасасудан жалтару белгілері анықталды.ҚР БҚДА баспасөз қызметі

Жалпы монополияға қарсы орган қант нарығына 18 хабарлама беріп, екі тексеруге нұсқау тағайындап, монополияға қарсы сәйкестік бойынша сегіз актісін бекітті.

Қант биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген. Қанттың ең аз жеткізілім лоты 60 тонна және одан көп, оны өткізу тек тауар биржасы арқылы жүзеге асырылады.

“Талдау барысында «Тараз қант зауыты» ЖШС 2022 жылдың мамыр айынан бастап тауар биржасы арқылы өнім сата бастағаны анықталды. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында зауыт қантты тауар биржасынан тыс сатты. Сол сияқты қантты тауар биржаларынан тыс сатуды «Меркен қант» ЖШС, «Ақсу Кант» ЖШС, «Көксу қант зауыты» ЖШС жүргізген. Осыған байланысты төрт қант өндірушінің де әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалады”, – деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Сауда және интеграция министрлігіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 268-бабы, 3-бөлігі Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу фактісі бойынша қант зауыттарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және қарау туралы мәселені қарау қажеттігі туралы материалдар жіберді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Halyk Bank Тәжікстан нарығынан кетеді

10.12.2022

Ақшаны қателесіп басқа біреуге аударып жіберген жағдайда не істеу керек?

09.01.2023

2022 жылғы 1 қарашадан бастап АЭА тауарларына ТІЖ үзінді көшірмесі міндетті болып табылады

06.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа